Басты бет / Без рубрики / ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ АҢЫЗЫ СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ

ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ АҢЫЗЫ СЕРІК ҚОНАҚБАЕВ

 

Бүгін Олимпиада ойындарының  күміс жүлдегері, даңқты боксшы Серік Қонақбаевтың туған күні!

Серік Керімбекұлы Қонақбаев 1959 жылы 25 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын және Халықаралық Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетін тәмамдаған. Бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ туризм және спорт академиясының құрметті профессоры. Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі вице-президенті.

Жаттықтырушысы — Ю.Цхай. 1979-1981 жылдары — Еуропа чемпионы. Әлем кубогының иегері, 1980 жылғы Москвадағы Олимпиадалық ойындардың финалисі. 1982 жылы — әлем чемпионы, 1979-1980 жылдары және 1984 жылы — КСРО чемпионы. 2 мәрте Я.Полус атындағы «Золотой пояс» жүлдесін жеңіп алған, КСРО-АҚШ құрама командалары арасындағы ойындарда 6 рет жеңімпаз атанған.

1978 жылы Болгарияда, 1979 жылы Югославияда, 1982 жылы Финляндияда өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 1982 жылы Австриялық «Фольксштиме» газетінің жүлдегері. 1990 жылдан — кәсіпқой бокс федерациясының президенті, Қырғызстан, Түркмения, Өзбекстан кәсіпқой бокс клубтарын біріктіру, Орта Азиялық бокс қауымдастығын құру бастамашысы. 1995 жылдың наурызында Пекин қаласында құрамындағы 9 елдің қатарына Қазақстанның кәсіпқой бокс қауымдастығы да кіретін ПАБ — Пан-Азиялық бокс қауымдастығы құрылды.

Қонақбаев ПАБ чемпионатын өткізетін комиссия төрағасы болып атқару комитетінің мүшесі құрамына енген. 1995 жылдан Шымкент қаласында Қонақбаев жүлдесіне Халықаралық турнир өтуде. 2010 жылдан бастап Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі. 1999-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты болды.

Серік Керімбекұлы  “Қажырлы еңбек үшін” (1980), “Еңбек озаты”(1984), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Құрмет» (2004) ордендерімен марапатталып, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (1993) атанды. Қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаев ағамыздың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.

Жамбылдан шыққан жарық жұлдыз:

Сондай-ақ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІ ТУРАЛЫ

Астанада өтетін Гранд финал турнирі қарсаңында ҚР Парламент Сенатының төрағасы, Үстел теннисі федерациясының президенті Қасым-Жомарт …