Басты бет / Без рубрики / СПОРТПЕН 5 МИНУТ АЙНАЛЫСЫП ҚАЛАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

СПОРТПЕН 5 МИНУТ АЙНАЛЫСЫП ҚАЛАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

 

Венесуэла мемлекетінен келген Адриан Солано  шаңғы спортынан әлем чемпионатына қатысты. Ол қарды бұрын-соңды көрмепті. Тек сайыс басталарына 5 минут қалғанда шаңғыны қолына ұстап көрген екен.

Адриан ғаламтор желісінде таралып кеткен видеоны көріп, өзі де қатты күлгенін айтады:

— Жарыс басталатын күні таңғы сағат үште Финляндияға ұшып келдім. Шаңғыға сайыс басталмастан бес сағат бұрын тұрдым. Сол кезде өмірімде бірінші рет қардың не екенін көрдім. Жаңа жылдық мейрамдағы ертегілер әлеміне еніп кеткендей қуандым. Кішкентай бала секілді қарды әрлі-берлі лақтырдым, аққала жасадым, кейін суретке түстім, — дейді Солано. Өзімнің жарыс барысындағы жүгіргенімді көріп тоқтамастан күліп алдым. Әсіресе бетіммен қарға құлаған кезім күлкілі. Менің сырғанау әдісім, шаңғыда жүру техникам шаңғы спорты бойынша әлемде бұрын болмаған шыған. Жаңа әдісті пайдаланып, жаңалық аштым», — деп қалжындайды Венесуэла спортшысы.

22 жасар шаңғышы Финляндияға оңай жете қоймаған. Оны Парижде наркотик қолданды деген айыппен қамауға алған.

— Парижге келгенде өзіммен бар болғаны 29 еуро болды. Паспорт тексеретін жерге келгенде мен әлем чемпионатына қатысатын құжатымжы көрсеттім. Бірақ маған ешкім сенбей, бес күнге абақтыға жауып тастады. Ондан кейінгі үш күнімді қалалақ сотта өткіздім. Тыңдалымнан кейін мені Фенесуэлаға қайта жіберді.

Адриана Соланоның жаттықтырушысы оның ағасы, Венесуэла тарихындағы алғашқы шаңғышы Баена Солано болып табылады.

— Оның ролик-шаңғысымен айналысқанына бір болды. Осы спорт түріне деген талантын байқадым. Олимпиада ойындарына қатысады деп үміттенемін, — дейді спортшының жаттықтырушысы.

 

 

Сондай-ақ

АТЫМДЫ АБЫЛАЙХАН ҚОЙҒАН СОҢ…

19 жасында Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, 20 жасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Абылайхан …