Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ММА-ДЕН БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АШЫҚ КУБОГЫ ӨТТІ

ММА-ДЕН БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ АШЫҚ КУБОГЫ ӨТТІ

 

Желтоқсанның 17 жұлдызында  ММА спортынан Батыс Қазақстанның ашық кубогы өтті.

Сайысқа Атырау, Маңғыстау, Астана, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысты. ММА спорының шеберлері бас қосқан сайыста Батыс Қазақстанның ашық кубогы сарапқа салынды. Командалық есепте 5 алтын медаль иеленген Атырау облысы Кубоктың иесі атанып, ақшалай сыйлыққа ие болды, — деп жазады dodasport.kz сайты.

Жарыс барысын тамашалаған Қазақстан Республикасы ММА Федерациясының президенті Анатолий Ким:

«Атырау облысында бірнеше рет болдым. Әр келген сайын әуесқойлар арасында да, кәсіпқойлар арасында да үлкен сайыстардың куәсі болып жүрмін. Атыраудағы аралас жекпе-жек спортының қарқынды дамығаны қуантады. Бүгін де соның дәлелі ретінде Атыраулық спортшыларға Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріліп отыр. ММА спортында танымал Исатай Теміров, Жасұлан Хасимов және Жалғас Жұмагелді сынды спортшылар өздеріне лайықты құрметті иеленіп отыр. Бір облыста мұнша Халықаралық дәрежедегі спортшылардың шығуы тамаша жетістік. Бұнымен тоқтап қалмай жаңа буын да осындай дәрежеге жетеді деп сенемін. Себебі бүгінгі жарысқа шыққан жас балалар өздерін жоғары дәрежеде көрсете алды», — дейді Анатолий Ким.

Айта кету керек ММА спорты бойынша Қазақстан құрамасы Азия құрлығы бойынша бірінші, әлем бойынша екінші номерлі команда болып саналады.

Жарыс қорытындысы:

61,2 келі:1. Жақпаров Самат Атырау. 2. Әмірханов Бердібек Маңғыстау.

65,8 келі:1. Төлеш Абылай Атырау. 2. Рамазанов Еділ Маңғыстау.

70,3 келі: 1. Қасымбай Мұратбек Астана. 2, Жүсіп Сәбит Астана.

77,1 келі: 1. Теміров Исатай Атырау. 2. Мыңбаев Архат Атырау.

84 келі: 1. Нагимов Санат Атырау.  2. Жұмағазиев Руслан Маңғыстау.

93 келі: 1. Смиронв Андрей Орал. 2. Искандиров Руслан Атырау.

+93 келі: 1. Сабиров Арғын Атырау. 2. Әбілрахманов Айбек Маңғыстау.

 

Сондай-ақ

ЖАСТАР СЕНІМДІ АҚТАМАДЫ

Финляндияның Тампере қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл …