Басты бет / Басқа түрлер / МЕЙІРЛАН ЫСҚАҚОВ ТРИАТЛОННАН ЕУРОПА БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

МЕЙІРЛАН ЫСҚАҚОВ ТРИАТЛОННАН ЕУРОПА БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

 

Түркияның Алания қаласында триатлон спортынан жастар арасындағы Еуропа кубогы сарапқа салында. Бұл сында отандасымыз Мейірлан Ысқақов қола жүлдегер атанды,- деп хабарлайды dodasport.kz

Алания додасында алғашқы кезең бойынша Роман Афанасьев көш басында келген. Жүзу бойынша Венгрия мен қос Қазақ спортшылары топ бастады. Велоспорт кезеңі бойынша да Роман біраз уақыт жеке дара келген болатын. Бірақ жарыс барысында Венгриялық бастаған қалың топ спортшымызды қуып жетті. Жүгіру сайысы бойынша  Роман Афанасьев сәл артта қалып, бесінші болып мәре сызығын кесті.

Мейірлан Ысқақов болса өз шамасы жеткенше орташа қарқынмен жарыс барысын жүріп өтіп, үздік үштіктен көріне алды. Одан тек қос Венгр спортшысы басым түсті.

Сөйтіп, Қазақстан құрамасы Еуропа кубогынде тамаша нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ

ТИМУР КУЛИБАЕВ ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМИТЕТТЕР АССАМБЛЕЯСЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

Қазақстан ҰОК президенті Ұлттық Олимпиадалық   комитеттер қауымдастығының Бас Ассамблеясына қатысып жатыр Қазақстан Республикасы Ұлттық …