Басты бет / Бокс / КӘСІПҚОЙ БОКСТА ЖАҢА ЕСІМ — НҰРСҰЛТАН ЖАҢАБАЕВ

КӘСІПҚОЙ БОКСТА ЖАҢА ЕСІМ — НҰРСҰЛТАН ЖАҢАБАЕВ

 

Қытайдың Инь Чуан қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Қазақстандық жас боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев алғашқы кездесуін өткізіп жеңіске жетті, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.

Нұрсұлтан Жаңабаев алғашқы кездесуінде-ақ WBA чемпиондық белдіктерінің бірін иеленді. Қытай елінің чемпионы атағы сарапқа салынған кездесуде жергілікті боксшы Синг Янгты 10 раундтық жекпе-жекте қапы қалдырды. Төрешілер бірауыздан жеңісті отандасымызға берді.

Кездесу барысында Нұрсұлтан қарсыласын ауыр соққылардың астына алып,  соңғы раундта бір рет есеңгіретіп жіберді. Бұл чемпимондық атақтан соң 24 жасар Нұрсұлтан кәсіпқой боксқа мықтап орнығары анық.

Қытай елінде өткен Ұлан Төлеуқазы мен Уэй Шиян Чен арасындағы чемпиондық белбеу сарапқа салынған кездесудің андеркатында бірнеше отандастарымыз өздерінің алғашқы кездесулерін өткізген болатын. Бұл туралы киінірек.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …