ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЕЛ КУБОГЫ ӨТТІ

Алматы қаласында 18-19 ақпан аралығында өткен джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталды.

Қазақстан джиу-джитсу Ассоциациясы мен Алматы қаласының әкімдігі мұрындық болған турнирге 2000-2002 жылғы жасөспірімдер мен 1997-1999 жылдары дүниеге келген жас спортшылар қатысты.

Екі күнге созылған аламанға Астана мен Алматы қалалары және өзге 10 облыстың джиу-джитсу шеберлерінен жасақталған 12 команда бақ сынады. Барлығы 329 спортшының басын қосқан жарыста командалық есепте Алматы облысы бірінші орынға ие болды. Елордалық команда мүшелері күмісті кеуделеріне тақты. Үздік үштікті Алматы қаласының құрамасы түйіндеді.

Қазақстан Кубогында іріктелген спортшылар наурыз айында Грекия астанасы Афина қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алады.

Ильяс Сәрсенбай.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …