Басты бет / Мақала / ВАХИД МАСУДОВ: «БІЗ ТЕҢ ЕСЕПКЕ ЛАЙЫҚ ЕДІК»

ВАХИД МАСУДОВ: «БІЗ ТЕҢ ЕСЕПКЕ ЛАЙЫҚ ЕДІК»

 

Оралдық «Ақжайықтың» бас бапкері Вахид Масудов «Ертіске» қарсы өткізген ойын жайлы пікірін білдірді.

— Кездесу тағдырының пенальтимен шешілгені өкінішті. Екінші тайма шабуылдарымыз болды,бірнеше жақсы моменттер орын алды. Біз бар күшімізді шабуылға салған едік, бірақ, қорғаныста қателікке жол жіберіп қойдық. Негізі, ойын барысында тең есепке лайық едік. Дегенмен, бұл – футбол, егер сен гол соқпасаң, бәрі басқаша болады.

— Қатарларыңызға жаңадан қосылған Аренас Дельгадоның ойынына қандай баға бересіз?

— Ол 4 наурыз күні ғана ұшып келді. Мүмкін арамызға сіңісіп үлгермеген шығар. Оны негізгі құрамға шығарып мен де қателескен сияқтымын. Кей жерлерде ол жақсы техникалық ойын көрсетті, бірақ, біздің футболға үйрену үшін оған уақыт керек.

«Ертіс» футбол клубының баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ

ЖАС АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті Қазақстан атынан …