Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫНЫҢ АЛДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ

ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫНЫҢ АЛДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ

 

Қазақ боксшыларының әлемдік аренада өтетін бокстағы келесі кездесулері:

—————-
Astana Arlans капитаны — Олжас Сәттібаев
Қазақстан құрамасының капитаны — Әділбек Ниязымбетов
—————-
10 наурыз 2017 жыл. Marconi Automative Museum, Тустин, Калифорния, АҚШ. Бекман Сойлыбаев (Қазақстан, 9-0-0, 4КО) — Герман Мераз (Мексика, 55-42-1, 32KO), 8 раундтық кездесу, екінші жеңіл салмақта (59 келі — 132 фунт) өтеді.

10 наурыз 2017 жыл. MGM Grand, Детройд, Мичиган, АҚШ. Бахтияр Эюбов (Қазақстан, 11-0-0, 10КО) — Гилберт Венегас (АҚШ, 15-26-5, 8 КО), 6 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі — 160 фунт) өтеді.

11 наурыз 2017 жыл. Hong Kong Convention and Exhibition Center, Гонконг, Қытай. Ернар Ешенов (Қазақстан, 5-0-0, 4КО) — Ибрагим Маокола (Танзания, 11-5-1, 8 КО), 8 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі — 160 фунт) өтеді.

11 наурыз 2017 жыл. Frontón Bizkaia, Бильбао, Испания. Ержан Залилов (Қазақстан, 5-0-1, 2КО) — Генри Мальдонадо (Никарагуа, 20-5, 14КО), 8 раундтық кездесу екінші жеңіл салмақта (55,2 келі — 122 фунт) өтеді.

11 наурыз 2017 жыл. Варшава, Польша. Али Ахмедов (Қазақстан, 5-0-0, 4КО) — Патрик Менди (Гамбия, 17-11-2, 1KO), 8 раундтық кездесу жартылай ауыр салмақта (79,3 келі — 175 фунт) өтеді.

11 наурыз 2017 жыл. Варшава, Польша. Али Балоев (Қазақстан, 1-0-0, 1КО) — Артур Навроцкий (Польша, 1-1-0), 4 раундтық кездесу ауыр салмақта (90,8 келі — 200 фунт) өтеді.

11 наурыз 2017 жыл. Флорида, АҚШ. Бобыржан Момынов (Қазақстан, 1-0-0, 1КО) — TBA, 4 раундтық кездесу орта салмақта (69,8 келі — 154 фунт) өтеді.

13-18 наурыз 2017 жыл. Галл, Германия. 44-ші халықаралық «Chemistry Cup» турнирінде, Қазақстан құрамасының 10 боксшысы қатысады, 2016 жылы осы турнирде Әділет Құрметов (60 келі) пен Айдар Әмірзақов (64 келі) қола медальді иеленген.

16-19 наурыз 2017 жыл. Хельсинки, Финляндия. 36-шы халықаралық GeeBee турнирінде, Қазақстан құрамасының 5 боксшысы қатысады (Нұрбол Қалжанов, Садриддин Ахмедов, Тұрсынбай Кұлахмет, Бекзат Нұрдаулетов, Нұрлан Сапарбай), турнирде 14 елдің (Англия, Испания, Қазақстан, Латвия, Литва, Норвегия, Франция, Швеция, Украина, Венгрия, Беларусия, Ресей, Эстония және Финляндия) боксшылары өнер көрсетеді. 2016 жылы осы турнирді Данияр Елеусінов пен Василий Левит жеңіп алған, іріктеу кезеңінде Біржан Жақыпов пен Берік Абдрахманов ары аса алмады.

17 наурыз 2017 жыл. Майами, Флорида, АҚШ. Айдар Шəрібаев (4-0-0, 3КО) — TBA, 6 раундтық кездесу жеңіл салмақта (61,2 келі — 135 фунт) өтеді.

17 наурыз 2017 жыл. KRC Arbat, Мәскеу, Ресей. Ержан Залилов (Қазақстан, 5-0-1, 2КО) — Хумоюн Рустамов (Өзбекстан, 0-1-0), 6 раундтық кездесу екінші жеңіл салмақта (55,2 келі — 122 фунт) өтеді.

18 наурыз 2017 жыл. Мэдисон Сквер Гарден, Нью-Йорк, АҚШ. Геннадий Головкин (Қазақстан, 36-0-0, 33КО) — Даниэль Джейкобс (АҚШ, 32-1-0, 29КО), 12 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі — 160 фунт) өтеді.
IBF, IBO, WBC, WBA чемпиондық белбеуі қойылмақ.

18 наурыз 2017 жыл. Тараз арена, Тараз қаласы, Қазақстан. Astana Arlans (Қазақстан) — Patriot Boxing Team (Ресей), 52 келіде, 60 келіде, 69 келіде, 81 келіде, 91 келіден жоғары салмақта кездесулер өтеді.

23 наурыз 2017 жыл. Randolph, Нью-Джерси, АҚШ. Айдос Ербосынұлы (Қазақстан, 4-0-0, 4КО) — Майкл Митчелл (4-7-2, 1KO), 6 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі — 160 фунт) өтеді.

24 наурыз 2017 жыл. Орландо, Флорида, АҚШ. Бобыржан Момынов (Қазақстан, 1-0-0, 1КО) — TBA, 4 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі — 160 фунт) өтеді.

25 наурыз 2017 жыл. Первоуральск, Ресей. Мейіржан Жақсылықов (Қазақстан, 10-2-0, 4KO) — Павел Маликов (Ресей, 10-0-0, 4KO), 10 раундтық кездесу жеңіл (61,2 келі) салмақта, Азиялық WBC белбеуі қойылмақ.

1 сәуір 2017 жыл. Универсал спорт комплексі, Ташкент, Өзбекстан. Uzbek Tigers (Өзбекстан) — Astana Arlans (Қазақстан), 49 келіде, 56 келіде, 64 келіде, 75 келіде, 91 келіде кездесулер өтеді.

1 сәуір 2017 жыл. Бокс Академиясы, Мәскеу, Ресей. Фируза Шарипова (Қазақстан, 3-1-0, 1КО) — қарсыласы белгісіз, 8 раундтық кездесу жартылай жеңіл салмақта (58,9 келі — 130 фунт) өтеді.

6 сәуір 2017 жыл. Ангар аренасы, Коста Меса, Калифорния, АҚШ. Руслан Мәдиев (Қазақстан, 8-0-0, 3KO) — TBA, 6 раундтық кездесу жеңіл салмақта (61,2 келі — 135 фунт) өтеді.

15 сәуір 2017 жыл. Коннектикут, АҚШ. Мадияр Ашкеев (Қазақстан, 7-0-0, 3КО) — Шон Кэмерон (АҚШ, 10-2-0, 5КО), 8 раундтық кездесу бірінші орта салмақта (69,8 келі — 154 фунт) өтеді.

15 сәуір 2017 жыл. Коннектикут, АҚШ. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан, 1-0-0) — TBA, 6 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі — 160 фунт) өтеді.

15 сәуір 2017 жыл. Коннектикут, АҚШ. Асхат Уәлиханов (Қазақстан, 1-1-0) — TBA, 6 раундтық кездесу бірінші жартылай орта жеңіл салмақта (63,5 келі — 140 фунт) өтеді.

22 сәуір 2017 жыл. Йалонг Вай конференция орталығы, Санья, Қытай. China Dragons (Қытай) — Astana Arlans (Қазақстан), 52 келіде, 60 келіде, 69 келіде, 81 келіде, 91 келіден жоғары салмақта кездесулер өтеді.

30 сәуір — 7 мамыр 2017 жыл. Ташкент, Өзбекстан. XXIX ші Бокстан Азия Біріншілігі. Қазақстан құрамасы (Соңғы біріншілікте Бангкокта, 10 боксшымыз қатысып, 5 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленген), Әлем Біріншілігіне жолдама ойнатылады.

3-9 мамыр 2017 жыл. Дәулет спорт кешені, Астана, Қазақстан. Қазақстанның боксшы қыздары қатысады.

10 маусым 2017 жыл. Астана Арена, Астана, Қазақстан. Геннадий Головкин (Қазақстан, 36-0-0, 33КО) — Билли Джо Сондерс (Ұлыбритания, 24-0-0, 12КО), 12 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі — 160 фунт) өтеді.
IBF, IBO, WBC, WBA, WBO чемпиондық белбеуі қойылмақ.

25 тамыз — 4 қыркүйек 2017 жыл. Гамбург, Германия. XIX ші Бокстан Әлем Біріншілігі. Қазақстан құрамасы (Соңғы біріншілікте Дохада, 8 боксшымыз қатысып, Иван Дычко мен Данияр Елеусінов — күміс медаль иеленген).

16 қыркүйек 2017 жыл. AT&T Stadium, Арлингтон, Техас, АҚШ. Геннадий Головкин (Қазақстан, 36-0-0, 33КО) — Сауль Алварес (Мексика, 48-1-1, 34КО), 12 раундтық кездесу орта салмақта (72,5 келі — 160 фунт) өтеді.
IBF, IBO, WBC, WBA, WBO чемпиондық белбеуі қойылмақ.

сәуір 2017 жыл. Жібек жолы турнирі, Баку, Әзірбайжан. Қазақстан құрамасының 6 боксшысы қатысады (Асхат Жүсіпов, Олжас Байниязов, Серік Теміржанов, Аян Қалыбеков, Илья Очкин, Бек Нұрмағанбет).
———————————
маусым 2017 жыл. Астана, Қазақстан. Әуесқой бокстан Президент кубогі турнирі өтеді.
———————————
2017 жыл. Таиланд. Қазақстан құрамасынан Шалқар Айқынбай, Азат Махметов, Жанболат Қадырбаев, Сұлтан Заурбек, Ділмұрат Мижитов, Асламбек Шымбергенов, Ерік Әлжанов қатысады.
———————————
2017 жылы өтеді. Лас-Вегас, Хьюстон, Майами, АҚШ. Бейбіт Шүменов (Қазақстан, 17-2-0, 12КО) — Юниер Дортикос (Куба, 21-0-0, 20КО), 12 раундтық кездесу ауыр салмақта (90,8 келі — 200 фунт) өтеді. WBA чемпиондық белбеуі қойылмақ.

Сондай-ақ

БОБЫРЖАН МОМЫНОВ САЛМАҚ ӨЛШЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. 11 наурызда Флоридада (АҚШ) …