Басты бет / Бокс / АРЛАНДАР ЖОЛБАРЫСТАРҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

АРЛАНДАР ЖОЛБАРЫСТАРҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында Ташкентке қонаққа барған «Астана Арландары» «Өзбек Жолбарыстарынан» жеңіліп қалды. Талдықорғанда тіркелген есеп, Өзбекстан астанасында қайта жазылды.

Бірінші болып 64 келіде шаршы алаңға шыққан Ділмұрат Мәжитов пен Елнұр Әбдірайымов жұбында, 0:3 (45:50, 46:49, 47:48) есебімен өзбек боксшысы жеңіске жетті. Екінші жекпе-жекте (56 келі) Ильяс Сүлейменов Абдулхай Шарахматовқа 0:3 (47:48, 47:48, 45:50) есебімен есе жіберді. Үшінші болып рингке көтерілген Сапарбай Айдаров Исрайл Мадримовтан ұтылып, «арландар» уақытынан бұрын жеңілді.

Қазақстандық команда қатарынандағы жалғыз жеңісті 91 келіде бокстасқан Антон Пинчук иеленді. Ол Зухриддин Махкамовтан 3:0 (50:45, 50:45, 49:46) есебімен басым түсті. Соңғы болып жұдырықтасқан Теміртас Жүсіпов пен Хасонбой Дусматов жұбында, Олимпиада чемпионы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

«Астана Арландары» бүкіләлемдік бокс сериясының плей-офф кезеңіне өткен турда жолдама алып қойған. 22 сәуір күні «Қытай Айдаһарларымен» өтетін кездесуде «С» тобында бірінші орын алу үшін күресетін болады.

 

Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …