Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / АНУАР САРИЕВ ГЕРМАНИЯ АШЫҚ КУБОГЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

АНУАР САРИЕВ ГЕРМАНИЯ АШЫҚ КУБОГЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Германияның Хейдельберг қаласында пара-дзюдодан  Халықаралық «German Judo-2017» Германия ашық кубогы өтуде.

Бұл сында қос отандасымыз Ануар Сариев пен Орынбасар Құралбай (73 кг) жүлделі II орынға ие болды.

60 келі салмақта сынға түскен Атыраулық спортшы Ануар Сариев төрт кездесу өткізді. Алғашқы жекпе-жегінде Германиялық Фортс Лионды иппонмен ұтты. Кейін Испаниялық қарсыласы Гариса Давидті де оңай ұтты. Жартылай финалда Ресейлік Джабрайлов Заурды да тізе бүктірді. Тек финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері Александр Бологаға қосымша уақытта есе жіберді.

Тағы бір айта кететіні Қазақстандық төрешілер арасында Ануар Сариевтің бапкері Жандос Қияның Германия Халықаралық турнирінің төрешілер құрамында болды.

 

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …