Басты бет / Велоспорт / TOUR OF LANGKAWI. ГИББОНС ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУГЕ ЖАҚЫН

TOUR OF LANGKAWI. ГИББОНС ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУГЕ ЖАҚЫН

Велоспорттан Малайзияда өтіп жатқан «Tour Of Langkawi» жарысының 7-кезеңі аяқталды. «Vino-Astana motors» сапынан Тарас Воропаев мәреге 41-болып жетті.

Мелака мен Бандар Бару қалаларының арасын жалғаған 148.3 шақырымдық кезең үш спринттік және екі таулы аймақтан тұрды. Кезең бойы жауған жаңбыр велоспортшыларға қатты кедергі болды. Екінші спринттік аймақ аяқталған уақытта төрт рет спортшылар құлап, түрлі жарақаттар алды. Дегенмен, мәреге тек екі спортшы ғана жете алмады. Мәре сызығына 40 шақырым қалғанда спортшылар 150 және 250 метрлік таулы аймақты артта қалдырды. Одан кейін, мәреге 5 шақырым қалғанда спортшылар жазық жолға түсті. Тартысты өткен кезеңде «Trestina» командасының спортшысы Якуб Марезко мәреге бірінші келді. Мәре сызығын екінші болып Травис Маккабе (UnitedHealthCare) кесті. Үшінші орын Адреа Палиниға (Adroni) бұйырды. Қазақстандықтар арасында ең үздік нәтижені Тарас Воропаев көрсетті. Қазақстандық өзге де спортшылардың бұл кезеңдегі нәтижесі мынадай: Дмитрий Лукьянов — 41, Сергей Влассенко — 47, Степан Астафьев — 52, Аспан Шүкенов — 91. Қазақстандық тағы бір спортшы, қытайлық «Keyi Look» командасының капитаны Мақсат Аязбаев бұл кезеңді 81-болып аяқтады.

Жалпы есепте әлі де болса өзгеріс жоқ. Гиббонс Раян (Dimension) көш бастап тұр. Екінші орында Камерон Байлей (Isowhey Sports) келе жатыр. Үздік үштікті Альберто Чеччин (Trestina) қорытындылап тұр. «Vino-Astana motors» командасындағы ең үздік нәтиже Дмитрий Лукьяновқа тиесілі. Ол әзірше жалпы есепте 19-орында келе жатыр.

Сонымен қатар Дмиртий Лукьянов жалпы есепте азиялықтар арасында әлі де болса екінші орында тұр. Ал жалпы есептегі «Азия үздігі» киетін ақ жейде жапониялық Накане Хидетода (Nippo-Fintini) тұр. Жапониялық Лукьяновты 51 секундқа озып келе жатыр.

Малайзия туры ертең, яғни 1 наурыз күні Сетявангса мен Путраджая Лоп қалаларының арасын құрайтын 121 шақырымдық кезеңмен аяқталады.

Мағжан Бейсен, Куала-Лумпурдан (Малайзия)

Сондай-ақ

БОБЫРЖАН МОМЫНОВ САЛМАҚ ӨЛШЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. 11 наурызда Флоридада (АҚШ) …