Басты бет / Мақала / СТАНИМИР СТОИЛОВ: «БҰНДАЙ АЛАҢДА ФУТБОЛ ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ»

СТАНИМИР СТОИЛОВ: «БҰНДАЙ АЛАҢДА ФУТБОЛ ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ»

 

«Ордабасы» — «Астана» ойынынан соң баспасөз маслихаты өткен болатын. Бас бапкер Станимир Стоиловтың пікірі:

-«Ордабасы» құрамасын жеңісіміен құттықтайын. Жігіттер өз құрамасы үшін күресіп жеңіске жетті. Жалпы алғанда жақсы ойын болды. Қос қақпа алдында да қауіпті сәттер көп болды. Ал біздің құрама мүмкіндіктерін орынды пайдалана алмады. Қарсыластарымыз сәтті ойын көрсетіп, ойында жеңді. Ойыннан бөлек айта кету керек бұндай алаңда доп тебуге болмайды. Егер де федерация қызметкерлері алаңды түзеп, инфраструктураға көңіл бөлмесе біздің футбол алысқа бармайды.

Әр федерацияның бір жақсы алаң жасауға жағдай жетеді. Қандай футбол туралы айтайын, егер де оны ойнайтын жер болмаса. Бұлай жалғаса берсе барлық командаларымыз еурокубоктың тасасында қалады. Араб Әмірліктері мен Түркияда оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп, елге оралғанда сұмдық сапасы төмен алаңда ойнау дұрыс емес», — дейді Астаналықтардың бас бапкері.

Айта кету керек, «Ордабасы» маусымның бірінші туры аясында ел чемпионы – «Астанадан» 3:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ

ЖАС АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті Қазақстан атынан …