Басты бет / Мақала / 3-ТУР. ФАВОРИТТЕР ҰПАЙ ЖОҒАЛТПАУЫ ТИІС

3-ТУР. ФАВОРИТТЕР ҰПАЙ ЖОҒАЛТПАУЫ ТИІС

Қазақстандағы футбол маусымы енді аяқ алып, қызып келеді. Біз күтпеген нәтижелер тіркеліп жатыр. Көптеген сұрақтар ашылмай тұр. Бәлкім осы сұрақтар үшінші турда ашылып қалар.

Тараз — Қайрат

Өткен турда Алматыда ұпай жоғалтқан «Қайрат» енді Таразға қонаққа барады. Әрине, фаворит. Бірақ, бұл жігіттердің ойыны жүрмей жүр. Ал «Тараздың» ойыны тіптен жүрмей жүр. Өткен турда «Қайсарға» есе жіберді. Осы Алматылық жігіттер Талгаев шәкірттерінің жағдайын одан сайын ауырлататынына дүйім жұрт сеніп отыр. Исламхан бастаған жігіттер 2 гол соғатаны анық. Бірақ, алаң иелері жауап қайтара ала ма? Мүмкін, бірақ қиын.

Астана — Ақжайық

Былтырғы чемпиондар маусымды өте сәтсіз бастады. Екі ойында 1 ұпай ғана жинады. Ал «Ақжайық» өткен турда кеншілерді ойсырата жеңіп, өздеріне деген сенімдерін күшейтті. Енді олар елордаға қонаққа барады. Стойлов футболшылары осы жолы жеңіске жетеді деп отырмыз. Мұртазаевтың да қаншығасы майланатын уақыты келген секілді. Жанкүйерлердің күтіп отырғаны тек жеңіс. Бұл жағдайды бапкерлер де, футболшыларда жақсы түсінуі қажет.

Оқжетпес — Тобыл

«Оқжетпес» өткен турда алғашқы ұпайына қол жетікізді. Орталық Стадионда «Қайратты» қапы қалдырып кетті. Осы ойыннан кейін кішкене де болсын жігерлік пайда болған шығар. «Тобыл» да ұпайларын түгендеді. Екі команданың да жағдайы жақсы. Екі команда да гол соғады деп болжам жасауға болады. Тең нәтиже тіркеліп қалса да, таң қалмаңыз.

Атырау — Ертіс

«Атырау» өткен турда Шымкенттен ұпай алып, эмиционалды тұрғыда тамаша жәй кешуде. Мұнайлы өлкенің ойыншылары турнирлік кестенің түбінде тұр. Бұл ойында оларға тек қана жеңіс керек. Мүмкіндектері бар. Сапасыз алаңда «Ертісті» жеңіп кетсе, таң қалмаңыз. Бұл ойында екі клубта гол соғады деген болжамым бар

Ақтөбе — Ордабасы

«Ақтөбе» өз алаңындағы алғашқы ойынын «Ордабасыға» өткізеді. Ақтөбенің ойыны енді-енді жүріп келе жатыр. Бразилиялық жігіттер де Орталық Стадионда көсіле шабуға дайын секілді. Бұл ойынды көп гол болуы ықтимал. Өз жанкүйерлерін жерге қаратпай, «Ақтөбе» 3 ұпайды иемденеді деген ойдамын.

«Шаxтер» — «Қайсар»

«Қайсар» қазіргі сәтте көш тізгінін өз қолдарына алды. Бұл матч олар үшін алға қарай жылжу үшін таптырмас мүмкіндік. Кеншілердің жағдайы мүшкіл. Өткен турда «Ақжайықтан» оңбай ұтылды. Курьор, Нтибазонкиза сынды легионерлерді тұсау Алексей Еременко шәкірттеріне қиын болатын секілді. Менің болжамым, бұл ойында Қайсардың асығы алшысынан түсіп, 3 ұпайға ие болады.

 

Сондай-ақ

ДЖЕЙКОБС: «МЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІМ ДЕП ОЙЛАДЫМ»

  Джейкобс: Мен жеңіске жеттім деп ойладым, маған көбірек көңіл бөлінбеді. Америкалық Дэниэл Джейкобс төрешілердің …