Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІ ЖЕҢІП, ӘБУ-ДАБИГЕ ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛ

ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІ ЖЕҢІП, ӘБУ-ДАБИГЕ ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛ

 

27-29 қаңтар аралығында Джиу-джитсу спортынан Халықаралық рейтингтік турнир өтеді. Бұндай сайыс бұрын-соңды елімізде болмаған.

«Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship – Gi» — турнирі Астана қаласында ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Джиу-джитсу қауымдастығының хабарлауы бойынша сайысқа 16 жастан асқан барлық ерікті қатыса алады. Жекпе-жектер 10 салмақ дәрежесінде өтеді.

Бұл сайыстарда жеңіске жеткен спортшыларды «Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship 2017» турнирі күтіп тұр. Әлем біріншілігіне жолдама сарапқа салынатын додаға тіркелу рәсімі әлі өтуде. — сілтемесіне өтіп, сіз де Джиу-джитсу спортынан Халықаралық турнирге қатыса аласыз. Бұл сайыста жеңіске жетсеңіз Әбу-Дабиге жолдама иеленесіз.

Сондай-ақ

САҒЫНДЫҚ МЕКЕЕВ: КӘСІПҚОЙ СПОРТШЫЛАР ӘРДАЙЫМ БАБЫНДА ЖҮРУ КЕРЕК

Аралас жекпе-жек түрлері бойынша Қазақстанға еңбегі сіңген маман Сағындық Мекеев кәсіпқой спортшылар туралы: Өзімнің жеке …