Басты бет / Басқа түрлер / СЫРДАРИЯДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ

СЫРДАРИЯДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ

 

2-6 наурыз аралығында Қызылорда облысы Сырдария ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті.

Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстаннан 28 команда 256 спортшы қатысты. Турнир швейцар жүйесі бойынша 14 жасқа дейінгі қыздар, ұлдар және әйелдер мен ерлер арасында 9 турда өткізілді.

Жарыстың марапаттау рәсімінде Дүниежүзілік  және ҚР тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов пен аудан әкімі Ғанибек Қазантаев спортшыларды жеңістерімен құттықтап, сөз сөйледі.

Облыстық дене  шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әбдіқадыр Ергешбаев және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының бас бапкері, жарыстың бас төрешісі Айнұр Жақапбаеважеңімпаз, жүлдегер атанған спортшыларды марапаттады.

Турнирде «Ең жас ойыншы» номинациясына 7 жастағы Алматы облысының спортшысы Әдемі Азмахын ие болса, «Тарлан ойыншы» номинациясымен 77 жастағы сырдариялық Тұрғанбай Болғанбайұлы марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге  диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

Турнир нәтижесі:

14 жасқа дейінгі қыздар:

1-орын Балнұр Айжарық (Қызылорда)

2-орын Аружан Салман (ОҚО)

3-орын Зарина Асибек (Қызылорда)

14 жасқа дейінгі ұлдар:

1-орын Дамир Ахметов (Қызылорда)

2-орын Жарылқасын Беркінбаев (ОҚО)

3-орын Жұмакелді Тұрақбай (Маңғыстау)

Әйелдер арасында:

1-орын Диана Кенина (Ақтөбе)

2-орын Мөлдір Серікқызы (Ақтөбе)

3-орын Әсел Дәлиева (ОҚО)

Ерлер  арасында:

1-орын Хәкімжан Елеусінов (Қызылорда)

2-орын Ғалымжан Темірбаев (Астана)

3-орын Белек Мамбеталиев (Қырғызстан)

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР ЛИГАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАНКҮЙЕРЛЕР САНЫ

  Еліміздің алты өңірінде доп додасы өткен болатын. Осы алты ойынды 31200 көрермен тамашалады. Жанкүйерлердің …