Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ҚАЙРАТ АХМЕТОВ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

ҚАЙРАТ АХМЕТОВ ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛДІГІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов Макаода 5 тамызда өткен ONE Championship халықаралық турнирде жеңіліс тапты.

One FC лигасындағы жекпе-жегінде «Қазақ» деген лақап атпен танылған Ахметов, соңғы кездесуін екі жыл бұрын бразилиялықпен өткізіп, осы ұйымның чемпиондық белдігін жеңіп алған болатын. Қарсыласы уақытша чемпион бразилиялық Адриано Мораештың (16-2) екінші кездесуде жеңісімен аяқталды.

Аса жеңіл салмақтағы өнер көрсететін спортшылардың жекпе-жегі бес раундқа созылды, қорытындысында қазылар алқасының шешімімен бразилиялық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, Ахметов One FC чемпиондық титулын қорғап қала алмады. Жеңіліп көрмеген «Қазақ» ММА-дағы 23-ші жеңістен соң алғаш рет жеңіліп отыр.

 

Сондай-ақ

ЖАС БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Филиппин елінің Пуэрто-Принсеса қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстандық боксшылар жеңіске жетті. 13 …