Басты бет / Қысқы спорт / Биатлон / ВИШНЕВСКАЯ ӘЛЕМ КУБОГЫ РЕЙТИНГІСІНДЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ

ВИШНЕВСКАЯ ӘЛЕМ КУБОГЫ РЕЙТИНГІСІНДЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ

Қазақстандық жас биатлоншы қыз Галина Вишневская әлем кубогы рейтингісінде бірнеше саты көтерілді.

Жақында ғана Германияның Оберхоф қаласында әлем кубогының төртінші кезеңі өткен болатын. Масс-старт сынында төртінші орын алған Галина жалпы есепте 218 ұпаймен 18-ші орынға көтерілді.

Әлем кубогы кезеңіндегі төртінші орын Қазақстан құрамасы үшін өте керемет, рекордтық нәтиже болып табылады.

Жалпы есепте Чех қызы Габриэла Коукалова 479 ұпаймен көш бастап келеді.

Галина масс-старт бәсекесі бойынша 61 ұпаймен 11-ші орында келеді. Жекелей сында 2 ұпаймен 39-шы, спринтте 51 ұпаймен 26-шы орында келеді. Ал із кесу сайысы бойынша 104 ұпаймен сегізінші орында тұр.

Сондай-ақ

ДЖЕЙКОБС: ГОЛОВКИН РЕСЕЙЛІК ЖАН АЛҒЫШ

 WBA (Regular) версиясы бойынша орта салмақтағы  әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс Головкинді Ресейден көшіп келген деп …