Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «ТАРАЗ» «ҚАЙРАТ» КЛУБЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫН ЖАЛҒА АЛДЫ

«ТАРАЗ» «ҚАЙРАТ» КЛУБЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫН ЖАЛҒА АЛДЫ

«Тараз» футбол клубы алматылық «Қайрат» командасының шабуылшысы Мадияр Райымбекті маусым соңына дейін жалға алды.

Мадияр Райымбек «Қайрат» командасының түлегі. 21 жасар футболшы алты жыл көлемінде «Қайраттың» жастар командасында ойнаған. Өткен жылы 21 ойында жеті гол соққан. Сондай-ақ, Екінші лига чемпионы атанған.

Шабуылшы «Тараз» клубының осы аптадағы екінші трансфері. Осыған дейін, жамбылдық клуб «Монтажник» командасының түлегі Еркебұлан Сейдахметпен бір жылдық келісім-шартқа отырған болатын.

«Тараз» командасы биылғы біріншілікте 21-22 жасар жеті футболшымен келісім-шарт жасасқан (Райымбек пен Сейдахметтен бөлек).

     Аты-жөніТуғын жылы         Позициясы
35Бобыр Зайнутдинов  16.03.1995           қақпашы
22Мадияр Нұралы  20.01.1995           қорғаушы
 6Құрмет Қараман  02.08.1995           қорғаушы
 4Әділет Кеңесбек  05.01.1996           қорғаушы
 5Бекзат Шадманов  12.08.1997           қорғаушы
26Санжар Нұрлыбаев  26.04.1996 жартылай қорғаушы
10Гаврил Кан  10.01.1999 жартылай қорғаушы

 

Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

Сондай-ақ

ЖАС ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ЕУРОПАНЫҢ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ

  Литваның Электренай қаласында шорт-трек спортынан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды dodasport.kz сайты. …