Басты бет / Кәсіпқой бокс / НҰРЗАТ САБЫРОВ ЖЕТІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

НҰРЗАТ САБЫРОВ ЖЕТІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров кәсіпқой бокста жетінші жеңісіне қол жеткізді.

24 жастағы қазақстандық Шавинигане қаласындағы төрт мың адамдық Centre Gervais Auto аренасында өткен бокс кешінің андеркартында өнер көрсетті, ал қарсыласы 40 жастағы мексикалық Гильермо Ромеро болды. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған, бірақ Сабыров қарсыласын төртінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық осымен кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісін тойлап отыр, оның алтауын отандасымыз уақытынан бұрын аяқтаған. Ромеро болса 12 рет жеңіске жетіп, 7 мәрте жеңіліс тапқан. Айта кетейік, мексикалық боксшы 1996 жылы кәсіпқой спортқа келген, карьерасында ол екі рет үзіліс алған: 1997 мен 2001 және 2004 пен 2010 жылдар аралығы.

Сабыров бұған дейінгі кездесулерінің барлығын да Канадада өткізген. Себебі оның ісін жүргізетін менеджер Анна Рева мен канадалық компания Eye of the Tiger Managament осы елде. Бұл компания тағы үш қазақстандықтың мүддесін қорғайды, олар бірінші орта салмақтағы Батыр Жүкембаев, жеңіл салмақтағы Абылайхан Құсайынов және орта салмақтағы Садриддин Ахмедов.

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий