Басты бет / Кәсіпқой бокс / ИВАН ДЫЧКО ҚАРСЫЛАСЫН БІРІНШІ РАУНДТА ҚҰЛАТТЫ

ИВАН ДЫЧКО ҚАРСЫЛАСЫН БІРІНШІ РАУНДТА ҚҰЛАТТЫ

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын 27 жастағы қазақстандық боксшы Иван Дычкокәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Сегіз раундқа белгілеген кездесуде оған чемпиондық титулға экс-үміткер 32 жастағы америкалық Майкл Марроне қарсылас болды. Кездесу Сент-Питерсбергтегі «Колизейде» өткен бокс кешінің аясында өтіп, бірінші раундта аяқталды.

Қазақстандық боксшы карьерасында алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Дычко барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған. 32 жастағы Марроне болса карьерасында тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ол 21 рет жеңіске жеткен.

Естеріңізге салсақ, Дычко өзінің соңғы жекпе-жегінде Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий