Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / АЙНА ТЕМІРТАСОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

АЙНА ТЕМІРТАСОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

 

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында әйелдер күресінен Олимпиада чемпионы  Наталья Воробьеваның жүлдесіне арналған Халықаралық турнир мәресіне жетті.

Бұл жарыста ел намысын Ақмола облысының балуан қызы Айна Теміртасова қорғады. 60 келі салмақта Айнаға тең келер ешкім болмады. Ол қарсыластарын оңай ұтты. Сайыстағы төрт қарсыласын да уақытынан бұрын жеңді.

Айна енді желтоқсан айында Щучинск қаласында өтетін Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы А. Қазымбетова атындағы дәстүрлі турнирде бағын сынамақ. Сәттілік тілейміз.

 

Сондай-ақ

ҚАЙРАТТЫҢ ЖЕҢІЛІСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Әлеуметтік желіде қазір ғана аяқталған Қайрат Аxметовтің Макаода өткен One FC тұжырымының белдігі үшін өткен …