Басты бет / 2017 / Апрель

Осы айғы архивтер: Апрель 2017

БАТЫР БАБАЛАР ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

26-30 сәуір аралығында Атырау қаласында Қазақ батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухтарына арналған IX-шы Халықаралық бокс турнирі мәресіне жетті. Бес күнге созылған бокс бәсекесіне Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Тәжікстан және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстандық боксшылар 4 алтын, 5 күміс …

толық оқу»

БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН «Arlan Grip Selection» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Бразилиялық джиу—джитсудан ересектер арасында Arlan Grip Selection халықаралық турнирі аяқталды Бүгін бразилиялық джиу-джитсудан «Spring Open»-Arlan Grip Selection халықаралық турнирінде  ересектер додаға түсті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, көршілес елдерден 140-қа жуық спортшы Алматыда «Арлан Грип Арена» спорт кешенінде бас қосып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл турнир IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері бойынша …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ОСЫ МАУСЫМНЫҢ ЕКІНШІ ВЕЛОШЕРУІ ӨТТІ

    Алматыда «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында өткен екінші велошеру Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне арналды. Жаңбырлы ауа-райына қарамастан, 500-ге жуық велосипедші 10 шақырым жерді жүріп өтті. Жылдағы дәстүр бойынша велошеру 09:00-де Әл-Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысында «Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңында басталып, М. Горьков атындағы Орталық саябақта аяқталды. …

толық оқу»

МАҚСАТ ИСАҒАБЫЛОВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ

Қызылорда қаласы  «Евразия» спорт кешенінде  30 сәуір күні қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке жанкүйерлер қауымының қызыға тамашалаған шарасына айналды. «Алтын белбеу» жарысы айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. 1-кезеңі әр …

толық оқу»

БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Бразилиялық джиу—джитсудан балалар арасында ArlanGripSelection ашық халықаралық турнир өз мәресіне жетті Кеше Алматыда, «Арлан Грип Аренада» балалар мен жасөспірімдер арасында бразилиялық джиу-джитсудан (IBJJF ережелері бойынша)Arlan Grip Selection халықаралық «Spring Open» турнирі өтті. 7-17 жастардағы джитсерлер өз салмақтарына сәйкес белдесті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, көршілес елдерден270-ке жуық спортшы алып шаһарда бас қосты. Жеткеншектердің …

толық оқу»

ҚАРЫМДЫ «ҚАЙРАТ» БҰЛ ЖОЛЫ ҚОЛАНЫ ҚАНАҒАТ ТҰТТЫ

Бүгін Алматыда футзалдан УЕФА кубогы финалының үшінші орынға талас ойыны өтті. Қола үшін таласта ел чемпионы «Қайрат» пен Ресейдің «Югра» командасы кездесті. Бірінші таймда қос команда 2 голмен алмасты. Ал, екінші таймда отандастарымыз ширақ қимылдағандай көрінді. Диванейдің қос голының арқасында жеңіске жақын тұр едік. Матчтың аяқталуына 20 секунд қалғанда ресейліктер есепті теңестірді. Есеп – 5:5. Пенальти …

толық оқу»

ИБРАГИМОВ БІЛГЕНІНЕН ЖАҢЫЛМАДЫ

64 келіге дейін салмақта  қазақстандық боксшы Бекдәулет Ибрагимов Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші айналымында қарсыласын ұтып, турнирдің екінші айналымына шықты. Отандасымыз Азия чемпионатының бірінші айналымында малайзиялық Хир Азмимен кездескен еді. Бекдәулет екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, есеп ашты. Үшінші кезеңде де отандасымыз ширақ қимылдады.  Кездесудің қорытындысы бойынша Ибрагимов төрешілердің …

толық оқу»

БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ «WBC International» ТИТУЛЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев WBC International титулын жеңіп алды. Бірінші жеңіл салмақ дәрежесінде өткен Мексикадағы кездесуде отандасымыз венесуэлалық сайыпқыран Самьюэль Гонсалестен басым түсті. Жекпе-жек Чиуауа қаласындағы Омар Чавес пен Рамон Альварес бокс кешінің аясында өткен болатын. 10 раундқа созылған айқаста Бекман төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Сойлыбаев …

толық оқу»

ЕШКІМДІ АЯМАЙТЫН «АСТАНА» ЖӘНЕ ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒА БІЛГЕН «АТЫРАУ»

9-шы тур ойындарында өткен 6 ойында 17 гол соғылды. Демек, осы турымыз қызыққа толы болды деген сөз. 9-тур. 29-сәуір. «Қайсар» 0-3 «Астана» Голдар: 28′ Твумаси, 34′ Маевский, 75′ Мұртазаев (пен) Ел біріншілігінде көп гол соққан «Астана» бұл матчта да өз шабуыл шебімен мақтанып қалды. Кездесу бастала салысымен шабуылға шыққан астаналықтар, …

толық оқу»

БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕРЕБЕ АНЫҚТАЛДЫ

Бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Ертең, біздің жігіттерден жарысты бірінші болып 13*00-ден кейін, күндізгі сессияда Бекдәулет Ибрагимов (64 келі) бастайды. Қарсыласы — Хир Азми (Малайзия) Дүйсенбіде, 49 келіде Жомарт Ержан тайпейлік Лин Хонг Дамен жолығады, одан өтсе ширекфиналда Хасанбой Дусматовпен кездесері анық 52 келіде Азамат Исақұлов жарыс жолын тайлық Танес …

толық оқу»