Басты бет / Бокс / АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫ КЕЛЕСІ КЕЗДЕСУІ ҮШІН АҚШ ЕЛІНЕ АТТАНДЫ

АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫ КЕЛЕСІ КЕЗДЕСУІ ҮШІН АҚШ ЕЛІНЕ АТТАНДЫ

Айдос Ербосынұлы келесі кездесуіне дайындалу үшін Лос-Анджелеске аттанды.

Өзінің келесі кездесуін 17 маусым күні (АҚШ) Мэриленд штатында, Бальтимор қаласында өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Бүгін, Ербосынұлы Алматы әуежайынан достарының шығарып салуымен, Лос-Анджелеске аттанды.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 5 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Талантты қазақ боксшысы кәсіпқой бокста 72,6 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА КЕЗЕКТІ РЕТ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

Жексенбінің ыстық күні «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында 3000-ға жуық адам кезекті велошеруде кездесті. Бұл …