Басты бет / Бокс / ӘУЕСҚОЙ БОКСТА ЖҮРЕ БЕРСЕМ, ОҒАН ЫНТАМ ЖОҒАЛАТЫНДАЙ БОЛДЫ — ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ

ӘУЕСҚОЙ БОКСТА ЖҮРЕ БЕРСЕМ, ОҒАН ЫНТАМ ЖОҒАЛАТЫНДАЙ БОЛДЫ — ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ

 

Әуесқой бокста жүре берсем, оған ынтам жоғалатындай сезім болды. Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездескен Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Кәсіпқой боксқа ауысу туралы шешімге Олимпиада ойындарынан кейін 1-2 промоутерлік компания ұсыныс жасаған соң келдім. Себебі, әуесқой бокста алмаған асу, бағындырмаған белес қалмады. Адамның өз алдына қойған мақсаты, арманы болады. Соған жету үшін кәсіпқой боксқа ауысу туралы шешім қабылдадым», — деді Данияр Елеусінов.

Сонымен қатар ол әуесқой бокста жүре берсе, бұл спортқа деген ынтасын жоғалтып алатындай сезімде болғандығын да айтты.

«Кәсіпқой боксқа ауыссам, бір жағынан ағама да демеу боламын деп ойладым. Өйткені, мен келісімшартқа отырған промоутер туған ағама да жақсы ұсыныс жасады. Яғни, екеуіміз бірге жаттығамыз, әкеміз де жанымызда болады. Дұрыс қадам жасадым деп ойлаймын. Алдағы уақытта мені кәсіпқой рингтен көресіздер», — деді Олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, Риодағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (69 кг) жақында құрылған «MJA Entertainment’s» промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан. Даниярдың ағасы Дәурен Елеусінов бүгінгі күнге дейін кәсіпқой рингте бірнеше кездесу өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Автор: Марлан Жиембай

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЭКСПО аясында өтетін бокс кешіндегі Мейірімнің қарсыласы анықталды. Төртінші жекпе-жектегі қарсыласымыз Бразилиялық Исмаэль Буэно. Исмаэль …