Осы күнгі архивтер: 07.04.2017

АБЫЛАЙХАН ҚҰСАЙЫНОВ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТУРАЛЫ

25 жастағы кәсіпқой боксшы Канадада өткізген Абылайхан Хұсайынов соңғы кездесуі туралы айтып берді.  — Абылайхан, алдымен жеңісіңізбен құттықтаймыз! Мексикалық қарсылас анау айтқандай мықты емес секілді көрінді бізге … — Рақмет! Мексикалық боксшыны осал дей алмаймын. Өйткені, ол кәсіпқой бокста бірнеше кездесу өткізіп үлгерген. Менің дайындығым мықты болды. Бірінші раунда қарсыласымның осал …

толық оқу»

ЕВГЕНИЙ ГИДИЧ «Tour of Thailand 2017» КӨПКҮНДІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

1-6 сәуір аралығында Тайланд елінде» Tour of Thailand 2017″ көпкүндігі өтті. «Vino Astana Motors» велокомандасының 21 жасар шабандозы Евгений Гидич көпкүндіктің жеңімпазы атанды. Отандасымыз 4 сағат 9 минутқа созылған 193,4 км-лік бесінші кезеңді ұтып алды. Тартысты бәсекеде Италия мен Қытай шабандоздарын озып кетті. Тағы бір кезеңде Евгений үшінші орыннан …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАН ДЭВИС КУБОГЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін, 7 сәуір күні Астанада Дэвис кубогының Азия және мұхит аймағы елдері арасындағы іріктеу сындарының екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде отандастарымыз қытайлық теннисшілер күш сынасты. Бірінші кездесуде Қазақстан атынан өнер көрсеткен Михаил Кукушкин қарсыласы Ди Вуды төрт сеттің қорытындысы бойынша 6:2, 3:6, 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктіртті. Екінші болып ел намысын Дмитрий Попко қорғады. Ол қытайлық Цзе …

толық оқу»

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ ГРАН ПРИДЕГІ ЕКІНШІ АЛТЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

  Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. Алғашқы алтынды әйелдер арасында Галбадрах еншілеген болатын. Оның ізін сала екінші алтын да қоржынға түсті. 60 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев чемпион атанды. Отандасымыз іріктеу кезеңдерінде Түркіменстан мен Моңғол балуандарын қапы қалдырды. Кейін жартылай финалда Тайпейлік спортшыны, финалда жарыс қожайынын тізе …

толық оқу»

ГАЛБАДРАХ ГРАН ПРИ ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

  Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан 5 салмақ дәрежесінен 7 дзюдошы қатысып, оның 4-еуі ақтық сынға жолдама алған болатын. 48 келі салмақта Галбадрах Отгонцэцэг қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Қазақстандық дзюдшыға жеңіске жету үшін үш кездесу өткізу жеткілікті болды. Галбадрах іріктеуде Түрік …

толық оқу»

БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ: ЛОМАЧЕНКО ИДЕАЛ БОКСШЫ ЕМЕС, БІРАҚ ДЖЕЙСОН СОСАНЫ ОҢАЙ ЖЕҢЕДІ

Осы жексенбіде АҚШ-тың Мэриленд қаласында кәсіпқой бокс кеші өтіп, басты жекпе-жекте украиналық Василий Ломаченко америкалық Джейсон Сосамен жұдырықтасады. Бұл қазақстандық тарлан Бекман Сойлыбаевтың салмағы. Сондықтан, бүгінде Лос-Анджелесте кезекті айқасына дайындалып жүрген Бекман жексенбідегі жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді. – Екі боксшының әрқайсысын жақсы білемін. Болашақ потенциалды қарсыластарым болғандықтан карьераларын бақылап …

толық оқу»

ТЕННИСШІ КУКУШКИН «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин «Инстаграмдағы» парақшасында «Құрмет» орденімен марапатталғанын айтты. «Мемлекеттік награда, «Құрмет» орденін алғаныма мақтанамын. Бұл мен үшін үлкен құрмет. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, Қазақстан теннис федерациясының президенті Өтемұратовқа қолдауы үшін рахмет», — деді Кукушкин. 29 жасар теннисші осы уақытқа дейін бірнеше турнирлерде …

толық оқу»

ФИРУЗА ШАРИПОВА МӘСКЕУДЕГІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ДАЙЫН

Бүгін Мәскеу қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы жергілікті боксшы Виктория Котова атанбақ. Кеше екі боксшы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Фируза Шарипова 61,7 келі көрсетке, қарсыласы одан 200 грамм жеңіл болып шықты (61,5 келі). Тағы бір айта кететіні, Фируза салмақ өлшеу рәсіміне Санкт-Петербургтағы …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖОЛДАСТЫ КЕЗДЕСУДЕ ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Әлем чемпионатына дайындық барысында хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесулер өткізуде. Бірінші кездесу «Автомобилист» құрамасына қарсы сәтсіз өтті. Құрамамыз 1:0 есебімен Ресейлік клубқа есе жіберді. Жалғыз шайбаны қонақтардан Евгений Чесалин салды. Бүгін екінші кездесу өтеді. Қазақстан — «Автомобилист» 0:1 (0:0, 0:1, 0:0) Шайба: 0:1 — 38:40 Чесалин (Турбин, Мингалеев).  

толық оқу»

ҮШ ДҮРКІН ОЛИМПИАДА ЧЕМПИНЫ ДОПИНГ ДАУЫНА ІЛІКТІ

UWW (Біріккен күрес әлемі) ұйымының ресми сайты еркін күрестен Олимпиаданың үш дүркін чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы өзбекстандық Артур Таймазовтың допинг қолданғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған мәліметке сүйенсек, Артур Таймазовтан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының алтыны тартып алынған. Оған себеп, WADA ұйымының тексерісінен кейін балуанның қанынан туринабол дәрмегі …

толық оқу»