Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ТЕГІН КОНЬКИ ТЕБУДІ ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ БАСТАЛАДЫ

АЛМАТЫДА ТЕГІН КОНЬКИ ТЕБУДІ ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ БАСТАЛАДЫ

Қаңтардын 14-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары басталады, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Тәжірибелі нұсқаушылар сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін «Март» СО және Дубок ықшам ауданындағы Центральная көшесі 8г-да орналасқан тегін мұз айдындарына келген коньки тебушілерді тегін үйретуге әзір.

Ал, мұз айдының келушілері көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып ала алады. Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Бұл науқан «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 25-ші ақпанынан бастау алып, әр жексенбі сайын өтуде.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Ел біріншілігіне …