Басты бет / Бокс / МАДИЯР ӘШКЕЕВ СЕГІЗІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

МАДИЯР ӘШКЕЕВ СЕГІЗІНШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақ кәсіпқой боксшысы Мадияр Әшкеев АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвилл қаласында өтіп жатқан бокс кешінде америкалық Шон Кэмеронды жетінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.
Қос боксшы арасындағы жекпе-жек жетінші раундтың екінші минутында тоқтатылды. Төрешілер Шон Кэмеронның кездесуді жалғастыруға қауқары жетпейтінін байқап, Мадиярды уақытынан бұрын жеңімпаз ретінде таныды.

Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз осыған дейінгі барлық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен.

Сондай-ақ

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ӘЗІРГЕ АЛТЫН БҰЙЫРМАУДА

Атырау қаласында таеквондодан тұңғыш рет жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Екі күнгі жарыс қорытындысы бойынша …