Басты бет / Бокс / ӘШКЕЕВТІҢ СОҚҚЫЛАРЫ ӘЛЕМДІК БАСЫЛЫМ БЕТТЕРІНДЕ

ӘШКЕЕВТІҢ СОҚҚЫЛАРЫ ӘЛЕМДІК БАСЫЛЫМ БЕТТЕРІНДЕ

 

Танымал «KO Fantasy Boxing» порталының твиттер желісі Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің жекпе-жегіне баға берді.

Жартылай орта салмақта Мадияр Әшкеев (8-0, 4 КО)  америкалық Шон Кэмеронді (10-3, 5 КО) нокаудпен жеңген болатын.

«Бірінші раундта алған қанды жарақатына қарамастан Әшкеев жекпе-жек бойы қарсыласына қысым жасаумен болды. Кэрмерон та мықты боксшы екен, Әшкеевтың ығына жығыла қоймады. Дегенмен ауыр соққылардың астында қалды. Қазақстандық боксшы өзінің соққыларының күшті екенін дәлелдеп, жойқын шабуыл жасап отырды. Алтыншы раундта Кэмерон жарақат алып қалды. Бірақ кездесуді жалғастыруды жөн санады. Кейін жетінші раундта Әшкеев қарсыласына бұрышқа тақап, соққыларын жаудыра түсті. 1:06 секундтан кейін кездесу мәресіне жетті», — деп жазады «KO Fantasy Boxing».

 

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВ НОКАУДПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаудпен ұтты. Мейірім екінші кездесуінде Мексикалық қарсыласы Хавьер Ольверді екінші раундта техникалық …