Басты бет / Бокс / БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ: ЛОМАЧЕНКО ИДЕАЛ БОКСШЫ ЕМЕС, БІРАҚ ДЖЕЙСОН СОСАНЫ ОҢАЙ ЖЕҢЕДІ

БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ: ЛОМАЧЕНКО ИДЕАЛ БОКСШЫ ЕМЕС, БІРАҚ ДЖЕЙСОН СОСАНЫ ОҢАЙ ЖЕҢЕДІ

Осы жексенбіде АҚШ-тың Мэриленд қаласында кәсіпқой бокс кеші өтіп, басты жекпе-жекте украиналық Василий Ломаченко америкалық Джейсон Сосамен жұдырықтасады.

Бұл қазақстандық тарлан Бекман Сойлыбаевтың салмағы. Сондықтан, бүгінде Лос-Анджелесте кезекті айқасына дайындалып жүрген Бекман жексенбідегі жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді.

– Екі боксшының әрқайсысын жақсы білемін. Болашақ потенциалды қарсыластарым болғандықтан карьераларын бақылап жүремін. Алдағы айқасты да қызыға қараймын. Дегенмен, меніңше Ломаченко еш қиындықсыз жеңіске жетуі тиіс. Өзім де бір ай бұрын украиналық боксшымен спарринг өткізгенмін. Идеал боксшы емес. Кемшіліктерін жақсы байқадым, жұдырықтасуға болады. Дегенмен, Джейсонның арсеналында Василийдің техникасына қарсы қояр бірнәрсе бар деп ойламаймын. Айқас аңдысып басталғанымен бар қызықты жекпе-жектің екінші жартысында көреміз. Ломаченконың жеңісіне бәс тігемін. Соңғы раундтарда Сосаның секунданттары шаршы алаңға сүлгі лақтырып жіберсе де таңғалмаймын, – деді Бекман Сойлыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Джейсон Сосаға қарсы жекпе-жекте Василий Ломаченко өзінің екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBO чемпиондық белбеуін қорғайтын болады. Қазақстандық бокссүйер қауым бұл айқасты тікелей эфирден «Хабар» телеарнасы арқылы тамашалай алады.

Сондай-ақ

ҚУАТ ХАМИТОВ РЕСЕЙЛІК СПОРТШЫҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Ресей елінің Владивосток қаласында өткен аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 63 атты кеш өтті. Бұл …