Басты бет / Бокс / АБЫЛАЙХАН ҚҰСАЙЫНОВ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТУРАЛЫ

АБЫЛАЙХАН ҚҰСАЙЫНОВ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТУРАЛЫ

25 жастағы кәсіпқой боксшы Канадада өткізген Абылайхан Хұсайынов соңғы кездесуі туралы айтып берді. 

— Абылайхан, алдымен жеңісіңізбен құттықтаймыз! Мексикалық қарсылас анау айтқандай мықты емес секілді көрінді бізге …

— Рақмет! Мексикалық боксшыны осал дей алмаймын. Өйткені, ол кәсіпқой бокста бірнеше кездесу өткізіп үлгерген. Менің дайындығым мықты болды. Бірінші раунда қарсыласымның осал тұстарын көріп алдым. Екінші раунда бүйірінен соққы жасадым. Соққы жақсы өтті …

— Қытай жерінде кәсіпқой бокстағы карьераңызды бастағаныңызда, Канадаға келіп, мұншалықты жақсы көрсеткішке қол жеткіземін деп ойладыңыз ба?

— Әр спортшының мақсаты — жеңіске жету ғой. Шынымды айтсам, мен Канадада мұншалықты табысты өнер көрсетемін деп ойламадым. Бірақ бәрі осылай болып жатқанына қуаныштымын.

— Шаршы алаңға киіп шығатын спорттық киіміңізді өзгертіпсіз. Қазір сары мен қара түстер үйлескен киіммен шығып жүрсіз …

— Иә, бұл менің жаңа спорттық киімім. Маған сары және қара түс ұнайды.

— Келесі жекпе-жегіңіз туралы айтып берсеңіз …

— Қазірше білмейміз. Бұл жекпе-жектен кейін біраз демалып аламыз. Содан соң менеджер мен промоутерлермен келесі жекпе-жек туралы сөйлесетін боламыз.

— Командаласыңыз, досыңыз Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы бірінші белбеуін жеңіп алды. Сіз чемпиондық атаққа қашан таласасыз?

— Жуық арада. Ол туралы алдағы уақытта айтамыз.

— Кездесулер саны көбейген сайын жекпе-жекке шығатын арена мен атмосфера қаншалықты өзгеріп жатыр?

— Ия, әр жекпе-жек сайын жаңа орта мен үлкенбокс залдарын көріп жатырмыз. Болашақта да лдан да үлкен бокс кештерінде шығамыз деп ойлаймын.

— Канада елінің боксқа деген көзқарасы қандай?

— Канадада Қазақстан сияқты боксты қатты жақсы көреді. Бұл жақта боксшыларға деген жанкүйерлердің ықыласы ерекше.

Еске салайық, 25 жастағы Абылайхан Хұсайнов Канаданың Монреаль қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, мексикалық қарсыласы Кристиан Арразоланы екінші раундта нокаутпен ұтты.

Сондай-ақ

ЖАС БОКСШЫЛАР БОЛГАРИЯДАН ҮШ АЛТЫН ЕНШІЛЕДІ

  Болгария астанасы София қаласында бокстан жастар арасындағы Эмил Жечев мемориалы мәресіне жетті. Халықаралық турнирге 17 елдің …