Басты бет / Басқа түрлер / ОЛИМПИАДА-2020 МЕДАЛЬДАРЫ ЕСКІ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАРДАН ҚҰЙЫЛМАҚ

ОЛИМПИАДА-2020 МЕДАЛЬДАРЫ ЕСКІ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАРДАН ҚҰЙЫЛМАҚ

Жапония астанасының тұрғындары Олимпиада-2020 ойындары медальдарын құюға ескі телефондарын өткізуге кезекке тұруда, деп хабарлайды жапонилық басылымдар.
Мұндай алғашқы шаралардың бірі Токиода өтті. Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті мен демеушілік көрсететін компаниялар ескі ұялы телефондарға байыды. Ұйымдастыру комитеті ұялы телефондар мен ескі тұрмыстық техникалардан медаль құюға қажетті металдарды: 40 келі алтын және әрқайсысы 3 тоннадан күміс пен қола алуды жоспарлап отыр.

«Біз қоғамда ұзақ мерзімді даму идеясын насихаттау және тұрғындардың Олимпиада-2020 ойындарына тікелей атсалысуын арттыру мақсатында осындай бастама көтердік. Сіздің ұялы телефоныңыз Олимпиада медалінің бір бөлшегі болуы мүмкін деген идея қоғамның спортқа деген ынтасын арттырды», – деді Токио губeрнатoры Юрикo Кoикэ.

Айта кетейік, шикізат ретінде жиналған телефондар тиісті өңдеулерден өткізілген соң Олимпиада және Паралимпиада ойындарына арнап 5000 медаль дайындалады. Дереккөздің айтуынша, сәуір айынан бастап ескі электроника қабылдайтын тағы 2400 орын ашу жоспарда бар екен

 

Сондай-ақ

БОКС ТАРИХЫ: «МҰХАММЕД АЛИ — ДЖО ФРЕЙЗЕР» — «ҒАСЫР КЕЗДЕСУІ»

Мұхаммед Али – Джо Фрейзер (1 кездесу) 📅 1971 жылдың 8 наурыз күні Мэдисон Сквер …