Басты бет / Мақала / «АТЫРАУ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫН

«АТЫРАУ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫН

 “Атырау” футбол клубы жаңа маусым алдында команда қатарын толықтырған жаңа футболшыларды таныстырды. Биыл команданың xалі қалай болар екен? Алғашқы орындардан көрінуге шамасы жетеді ме? Осы мәселелерді сіз бен біз боп талдап көрейік.

Мұнайлы өлкенің клубы өткен маусымда өз деңгейіндегі өнерді көрсете білді. Тіпті, алғашқы алтылыққа кіруге де сәл қалып еді. Кубоктық бәсекеде жартылай финалға дейін жетті. Осылайша, былтырғы маусым олар үшін сәтті өтті деуге болады. Ал биылғы маусым олар үшін қалай болмақ?

                                                                 Маусым алдындағы дайындық

Олар оқу жаттығу жиынын әдеттегіше Түркия елінде өткізді. Түркия елінде жүріп, бірнеше жолдастық кездесулер өткізді. Ауыз толтырып айтатындай «Атырау» клубы әзірбайжан чемпиондары «Карабаx» пен бір кездері Ресейдің белгілі клубы болған «Анжиден» айласын асырды. Қазір жігіттер тамаша көңіл-күймен, «Тобылға» қарсы ойынға дайындалуда

                                                     Қыран құс пен жүйрікті дайындайтын — бапкер

Биыл «Атырау» тізгінін xорват маманы Зоран Вулич ұстамақ. Зоран бапкерлік мансабын 1998-ші жылы «Хайдукта» бастады. Артынша, Зоран Вулич ресейлік «Луч-Энергия», хорватиялық «Риека», «Истра-1961», «Сплит» клубтарын жаттықтырған. Хорватиялық маманның соңғы жұмыс орны молдавиялық «Шериф» командасы болатын. Зоранның көмекшісі болып, Младен Прамия тағайындалды. Физдайындық жөнінде бапкер Қуаныщ Қабдолов, ал қақпашыларды Срдан Солдатович дайындайтын болды.

                                                                                    Көптен күткен кездесу

«Атырау» футбол клубы жаңа маусымда өнер көрсететін құрамын ресми түрде таныстырды. «Армада» мейрамxанасында өткен салтанатты іс-шарада құрметті қонақтар сөз сөйлеп, алдағы маусымға сәттілік тіледі.

Жаңа маусымда құрам толығымен өзгертілген. Клубтың жастар құрамынан да бірнеше ойыншылар алынған. Хорват маманы жас ойыншыларға көп мән беремін деп отыр. Қазақстан жастар құрамасына шақыртылып жүрген Алтынбек Сапаров, Дәурен Мажитов, Қуаныш Қалмұратов секілді талантты жастар «Атыраудың» келешегі.

Биыл «Атырау» қақпасын Жасул Нарзикулов, Андрей Пасеченко, Нұрболат Қалменов және Азамат Жомартов күзетеді. Пасеченко оқу жаттығу жиынында өзін тамаша көрсете білді. Жасур жарақатынан толық айықпағанын ескерсек, Андрей негізгі қақпашыға айналуы ықтимал.

Клуб капитаны болып, ел футболының аңызы  Марат Хайруллин тағайындалды. Марат жергілікті жанкүйерлерді алаңға шақырып, әрдайым жанкүйер болуға шақырды.

Сонымен «Атырау» командасы 2017 жылғы маусымды мына құраммен бастайды:

Жасур Нарзикулов, Андрей Пасеченко, Азамат Жомартов, Алмас Арменов, Бекжан Әбдірахман, Эльдар Абдрахманов, Владимир Двалишвили, Йован Джокич, Наурызбек Жагоров, Дәурен Қайраллиев, Нұрболат Қалменов, Қуаныш Қалмұратов, Захар Коробов, Виталий Ли, Уча Лобжанидзе, Дәурен Мәжитов, Новица Максимович, Алексей Маров,  Юре Обшивац, Иван Родич, Шавкат Саломов, Әлішер Сүлей, Томич Вукашин, Мирас Төлиев, Марат Хайруллин, Жақсылық Халелов, Антон Чичулин, Руслан Эсатов

Қорыта келгенде, команданың алғашқы алтылыққа енетін күйі бар деп айту қиын. Қазір бұл клубтың басына қара бұлт үйіріліп тұр.  Қазір олар өтелмеген қарыздарға байланысты 9 ұпайдан айырылды. Ең бастысы  бұл сынақтан сүрінбей өтіп, алға қарай жанкүйерлерді  қуанту. Мұнайлы өлкенің аяқдопшыларына тек қана сәттілік, керемет жетістіктер, толағай табыстар тілейміз. 

Сондай-ақ

СТАНИМИР СТОИЛОВ: «БҰНДАЙ АЛАҢДА ФУТБОЛ ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ»

  «Ордабасы» — «Астана» ойынынан соң баспасөз маслихаты өткен болатын. Бас бапкер Станимир Стоиловтың пікірі: -«Ордабасы» …