Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН АУЫР АТЛЕТТЕРДІҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН АУЫР АТЛЕТТЕРДІҢ ЕСІМІ БЕЛГІЛІ

 

Жақында ғана Қызылордада ауыр атлетикадан ҚР Кубогы өткен болатын. Сайыс қорытындысы бойынша құрама бапкерлері Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады.

«Қазақстан Кубогы 21 сәуір күні Ашхабадта өтетін Азия чемпионатына іріктеу ретінде өтті. Бұл нәтижелермен тоқтап қалмаймыз. Алдағы бір ай уақытта барынша салмақтар қосуға тырысамыз. Атлеттердің жаттығуын нығайтып, әлі дайындаламыз. Кубок нәтижесі бойынша Азия чемпионатына қатысатын ауыр атлеттер мсыналар болмақ.

Айдар Қазов, Семен және Альберт Линдерлер, Рүстем Сыбай және Селімхан Абубакиров. Селімхан жарақатынан кейін енді ғана қалпына келуде. Жарыс кезіне дейін өз формасына келеді деген сенімдеміз.

Қыздардан Майра Файзуллаева, Әсем Садықова, Сәуле Садуақасова, Әсел Амангелді, Александра Аборнева және Айзада Мүптілда ел намысын қорғайтын болады», — деді ұлттық құрама бас бапкері Юрий Мельников.

 

 

Сондай-ақ

ҚАСҚЫРЛАР МАУСЫМДЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Қызылордалық «Қайсар» командасы өз алаңында Көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады. Алғашқы ойында Көкшетаулықтар минималды есеппен- 1:0 есе …