Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИН: МЕН БОС СӨЙЛЕЙТІНДЕРМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСПАЙМЫН

ГОЛОВКИН: МЕН БОС СӨЙЛЕЙТІНДЕРМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСПАЙМЫН

 

Мен көп бос сөз сөйлейтіндермен емес, менімен рингте кездесетіндермен жұдырықтасамын — Головкин

«Мен көп бос сөз сөйлейтіндермен емес, менімен рингте кездесетіндермен жұдырықтасамын. Соңғы жылдары мен мықты боксшылармен жолықтым: Мартин Мюррей, Келл Брук, Дэниэл Гил, Мэттью Маклин және Давид Лемье. Мен Дэниэль Джейкобспен бокстасатыныма қуаныштымын, ол әлемдік деңгейдегі мықты боксшылардың бірі, мен үшін үлкен сабақ болары анық. Ол өте жақсы боксшы және маған 18 наурызда жаңа сынақ болмақ. Бұл біздің команда үшін қызық кездесу», — Головкин BoxingScene.com сайтына сұхбатында.

Головкин жанкүйерлерін қайырымдылық акциясына қатысуға шақырды

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин оның Дэниэл Джейкобспен айқасына және медиа-шараға баруға арнайы билетті ойнату бойынша қайырымдылық акцияға қатысуға шақырды.

«Джейкобспен жекпе-жегімде менің қонағым болғандарыңды қалаймын. Ұшу, қонақүй, ВИП-орындар — менің есебімнен. Игі іске жәрдемдесіңіздер», — деп жазды Геннадий Головкин әлеуметтік желіге.

Головкин — Джейкобс жекпе-жегіне екі ВИП-билет ойнатудың қайырымдылық сипаты бар және ол осы сайтта өтеді. Барлық жиын UCLA балалар ауруханасының қажетіне аударылады.

Сондай-ақ

ЗОРАН ВУЛИЧ: «ТОБЫЛ ОЙЫНШЫЛАРЫНАН ЖИНАҚЫЛЫҚ БАЙҚАЛАДЫ»

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Зоран Вулич «Тобыл» командасына қарсы өткізген ойыннан кейінгі пікірімен бөлісті: …