Басты бет / Бокс / БАХТИЯР ЭЮБОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

БАХТИЯР ЭЮБОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

 

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов келесі кездесуін 10 наурызда Детройдта (Мичиган, АҚШ) өткізеді. Жекпе-жек MGM Grand Detroit аренасында өтеді.

6 раундтық кездесу жартылай орта салмақта өтеді. Бахтиярдың қарсыласы, 39 жасар америкалық Гилберт Венегас (15-26-5, 8 КО).

Гилберт Венегас кәсіпқой бокста карьерасын 1999 жылы, яғни 18 жасында бастаған. Қазіргі уақытқа дейін Джермалл Чарло (25-0-0, 19KO), Эд Броун (20-0-0, 16KO), Алекс Сауседо (23-0-0, 14KO), Клетус Сельдин (19-0-0, 16KO) секілді мықты боксшылармен кездесіп, 2016 жылы тоғыз жекпе-жек өткізген.

Бұл кешті тікелей эфирден америкалық Showtime каналы тікелей эфирден береді.

Естеріңізге сала кетсек, Эюбов кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен, оның ішінде он кездесуі уақытынан бұрын аяқтаған.

Сондай-ақ

НӨСЕРБАЕВ «ОРДАБАСЫ» САПЫНДАҒЫ ЖҮЗІНШІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Оңтүстік футбол мектебінің түлегі Таңат Нөсербаев «Ордабасы» сапындағы жүзінші кездесуін өткізді, деп жазады dodasport.kz сайты. …