Басты бет / Бокс / Астана Арландары / «АРЛАНДАР» ТЕК ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУ ҮШІН ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ

«АРЛАНДАР» ТЕК ЖЕҢІСКЕ ЖЕТУ ҮШІН ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ

Атырау қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 7-ші маусымы аясында «Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» арасындағы кездесу өтеді. Осыған орай бүгін «Байзар» сауда орталығында жекпе-жектер алдындағы баспасөз конференциясы өтті.

«Астана арландары» бүкіл әлемге әйгілі боп үлгерген команда. Алып бокс державасынан шыққан команданың жекпе-жегін тамашалауға Атырау жұртшылығы да мүмкіндік алып отыр.

-«Астана арландары секілді бокс командасының Атырау жерінде додаға түсуі біз үлкен жауапкершілік. Болашақ жас боксшыларымыз шеберлердің бәсекесін өз көздерімен тамашалап, алдағы уақытта үлкен мотивация алады деп ойлаймын. Сонымен қоса қаламызда бұндай бокс кеші бұрын-соңды болмады», — дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

«Астана арландары» бокс клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков Атырауда да талантты боксшылар бар екенін айта кетті.

«75 келі салмақта Амандық Манашев пен 60 келіде Ержан Ордабаев жақсы боксшылар екен. Болашақта осы жігіттерден үлкен нәтиже күтуге болады. Команданың біраз бөлігі жастар. Сондықтан барлығы әлі алда», — дейді бас бапкер.

«Астана арландары» мен «Қытай айдаһарлары» құрамы таныстырылып, салмақ өлшеу рәсімі өтті.

49 кг: Теміртас Жүсіпов — Джунджун Хе
56 кг: Ілияс Сүлейменов — Лонг Ванг
64 кг: Ділмұрат Мижитов — Янг Лю
75 кг: Сапарбай Айдаров — Минганг Жао
91 кг: Антон Пинчук — Сергей Новиков.

Айта кету керек, бұл додаға келген Қытай құрамасының қатарында мықты бокшылар бар. Мысалы 75 келі салмақтағы  Минганг Жао Рио Олимпиадасының қатысушысы болып табылады. «Айдаһарлардың» менеджерінің айтуы бойынша құрама түгел делік аспан асты елінің чемпиондарынан құралған.

Ертең,  4 наурыз күні.  «Атырау» денешынықтыру жəне сауықтану орталығында спортшыларды қолдауға шақырамыз! Басталу уақыты:  18:00.  Бұл кездесуді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Билеттер: Атырау вокзалы (Баймұханов көшесі, 66), Мұрагер Сауда үйі (Баймұханов көшесі, 61), Ардагер Сауда үйі (Сатпаев көшесі, 17а).

 

Сондай-ақ

ЗОРАН ВУЛИЧ: «ТОБЫЛ ОЙЫНШЫЛАРЫНАН ЖИНАҚЫЛЫҚ БАЙҚАЛАДЫ»

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Зоран Вулич «Тобыл» командасына қарсы өткізген ойыннан кейінгі пікірімен бөлісті: …