Басты бет / Әлем / ӨЗБЕК ТЕННИСШІСІНІҢ СЕНСАЦИЯСЫ

ӨЗБЕК ТЕННИСШІСІНІҢ СЕНСАЦИЯСЫ

Дәстүрге айналған «Australian Open» турнирі биыл сенсациясыз қалмады.

Әлемдік рейтингте 117-ші орында тұрған Өзбекстандық теннисші  Денис Истомин әлемнің екінші ракетасы Новак Джоковичті қапы қалдырды.

Бес сағатқа жуық уақытқа созылған ойын Мельбурн қаласындағы Род Лэвер аренасында өтті. Есеп:  7/6(10), 5/7, 2/6, 7/6(6), 6/4

Бұдан бұрын 2010 және 2014 жылдары қос теннисші  «Australian Open» турнирі барысында сынға түскен болатын. Онда Серб спортшысы жеңіске жеткен.  «Eurosport» порталының хабарлауы бойынша, Новак  рейтингтегі екінші жүздікте орналасықан спортшыдан бірінші рет жеңіліп отыр

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЭКСПО аясында өтетін бокс кешіндегі Мейірімнің қарсыласы анықталды. Төртінші жекпе-жектегі қарсыласымыз Бразилиялық Исмаэль Буэно. Исмаэль …