Басты бет / Бокс / АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫНЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ ӨЗГЕРДІ

АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫНЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ ӨЗГЕРДІ

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының қарсыласы ауысты, деп жазады dodasport.kz сайты.

Алғашында 23 наурыз күні Нью-Йоркта өтетін кездесуде Ербосынұлы жергілікті Майкл Митчеллмен  (4-7-2) жұдырықтасады деп жоспарланған. Алайда, отандасымыздың қарсыласы белгісіз себептермен жекпе-жектен бастартып отыр. Осыған орай, боксшының бапкерлік құрамы Айдосқа жаңа қарсылас іздеп тапты. Ол — Риаруса Дадли (5-1-1, 2 КО).  24 жасар америкалық осыған дейін қазақстандық Шыңғысхан Тәжібаймен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліс тапқан болатын.

Бұған дейін Айдос Ербосынұлы төрт кездесу өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын аяқтаған. Төрт кездесудің екеуін Украинада, қалған екі жекпе-жекті Қазақстан өткізген. Алдағы кездесу АҚШ-та ұйымдастырылатын алғашқы жекпе-жегі.

Ильяс Сәрсенбай.

 

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЭКСПО аясында өтетін бокс кешіндегі Мейірімнің қарсыласы анықталды. Төртінші жекпе-жектегі қарсыласымыз Бразилиялық Исмаэль Буэно. Исмаэль …