Басты бет / Басқа түрлер / «АЛМАТЫ БАРЫСЫ — 2017» ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

«АЛМАТЫ БАРЫСЫ — 2017» ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

 

Алматыда Балуан Шолақспорт сарайында Қазақ күресінен«Алматы Барысы-2017» өтті.

Байрақты бәсеке  қала әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораевтың құттықтау сөздерінен басталып, әртістер мен ақындардың өнер көрсетуімен жалғасты.

Боз кілем додасына  қаланың 8 ауданынан келген 24 палуан жарыс жолына шықты. Нәтижесінде, ақтық бәсекеде Наурызбай ауданының палуаны Руслан Абдразаков пен Бостандық ауданының намысын қорғаған Дәурен Нұралиновкездесті. Тартысты кездесуРуслан Абдразаковтың таза жеңісімен аяқталды. Озып шыққан палуан «Лада Гранта» автокөлігі мен «Алматы Барысы» белбеуінің иегері атанды. Ал күмісті олжалаған Дәуренге 300 000 теңге ақшалай сыйлық пен белбеу табысталды.

— Турнир жоғарғы деңгейде өтті. ВикторДемьяненкомен күресу оңайға түскен жоқ. Шаршағаныма қарамастан, финалға шығып, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Осы жарыс үшін Алматы әкімдігіне, барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Енді, маған қала намысын қорғау бұйырыпты, жақсы нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанамын деген ойдамын, — деп бөлісті Руслан Абдразаков.

Өткен жылғы чемпион Виктор Демьяненко қоланы олжалап, 100 000 теңгені қанжығаға байлады.  Үшінші орын үшін болған белдесуде оның қарсыласы Алатау ауднанының палуаны Әлімжан  Жұмахметов болды.

Жарыстың қорытындысы бойынша, Руслан Абдразаков пен Дәурен Нұралинов қала намысын «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде қорғайтын болады. Еліміздің үздік палуаны  Астанада  шілденің 3-і күні «Қазақстан Барысы» турнирінде  анықталады.

«Алматы Барысы» -Қазақ күресі Федерациясының қолдауымен, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруыменжыл сайын өткізілетін қалалық турнир.

Сондай-ақ

ДИНАРА СӘДУАҚАСОВА, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: КЕЛЕШЕКТЕ ШАХМАТТЫҢ ПАТШАСЫ БОЛАМЫЗ

Шахматтың шаршы тақтасында патшалық құру – екінің біріне бұйырмайтын бақыт. «Шахмат – адамды жылдам ойлауға, …