Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / КИКБОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУДА

КИКБОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУДА

 

Бакуде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер арасында алғаш рет халықаралық кикбоксинг турнирі өтуде. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғызстан спортшылары қатысып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Біздің спортшыларымыз жеті салмақ бойынша сынға түсті. Олар: Нұрлан Төлегенов (51 кг), Балғабай Фазылхан (60 кг), Сафар Ахмадов (63 кг), Қанағат Нұрғалиев (67 кг), Бақытбек Шынтемір (71 кг), Михаил Татков (81 кг) және Захар Воробей (91 кг). 51 келіге дейінгі салмақта өзінің түркиялық қарсыласы Айджан Кайды жеңген Нүркен Төлегенов финалда әзербайжандық Анар Мамедовпен күш сынасады. Бақытбек Шынтемір де финалға шықты, ол техникалық нокаутпен түрік спортшысы Толга Бураны шаң қаптырды. Ақтық ойынға шыққандар қатарында Захар Воробей де бар.

«Біз жарысқа Әзербайжан кикбоксинг федерациясының шақыруымен келдік. Бұл шараның мақсаты — түркі тілдес елдер өзіміздің тегімізді, тарихымызды және салт-дәстүрімізді біліп жүру үшін жасалған қадамдардың бірі. Біз өз ретімізде спорттық шараға қатысу арқылы оған үлесімізді қосатын боламыз», — дейді қазақстандық кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев.

inform.kz

Сондай-ақ

«КАНЕЛО» МЕЙВЕЙЗЕРДІҢ БОКС СТИЛЬІН КӨШІРІП АЛҒАН

WBO белбеуінің бұрынғы иегері Питер Куиллиннің ойынша мексикалық Сауль «Канело» Альварес өзіне лайықты мойындауларға қол …