Басты бет / Велоспорт / «ДЖИРО Д’ИТАЛИЯ»-2017 ТОМ ДЮМУЛЕН ЖЕҢІМПАЗ

«ДЖИРО Д’ИТАЛИЯ»-2017 ТОМ ДЮМУЛЕН ЖЕҢІМПАЗ

Мерейтойлық 100-ші «Джиро д’Италия» бүгін Милан қаласында 21-ші кезеңмен өз соңына таяды. «Джиро д’Италия»-2017 жеңімпазы «Sunweb» велокомандасының өкілі голландиялық Том Дюмулен.

Суперкөпкүндік соңғы кезеңде жекелей сынға уақытпен жарысқа аяқталды. Жалпы бүгінгі жарыс жолының ұзындығы 29 шақырымды құрады. Онда топ жарған голландиялық велошабандоз Йос Ван Эмден (Lotto NL Jumbo), екінші Том Дюмулен (Sunweb), үштікті түйіндеген Винченцо Нибали (Bahrain-Merida)

Астанадан жекелей сында үздік болған Луис Леон Санчес 35-ші нәтиже көрсетті.

Жалпы есеп қорытындысы бойынша Астаналық Дарио Катальдо 14-ші орынмен Джироны аяқтады.

Үздік спринтер атағын колумбиялық Фернандо Гавирия иеленсе, үздік жас велошабандоз Боб Юнгельс атанды.

«Джиро д’Италия». 21-ші кезең
Монца — Милан (ITT). 29.3 шақырым

1. Йос ван Эмден (Нидерланды, «Lotto NL-Jumbo») — 33:08
2. Том Дюмулен (Нидерланды, «Sunweb») — +0:15
3. Мануэль Квинцато (Италия, ВМС) — +0:27

35. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») — +1:49
43. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») — +2:15
78. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») — +3:12
101. Пельо Бильбао (Испания, «Астана») — +3:46
123. Йеспер Хансен (Дания, «Астана») — +4:22
147. Паоло Тиралонго (Италия, «Астана») — +5:11
158. Жандос Бижігітов (Қазақстан, «Астана») — +5:41

Жалпы кезең:

1. Том Дюмулен (Нидерланды, «Sunweb») — 90:34:54
2. Наиро Кинтана (Колумбия, «Movistar») — +0:31
3. Винченцо Нибали (Италия, «Bahrain-Merida») — +0:40

14. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») — +24:40
30. Йеспер Хансен (Дания, «Астана») — +1:36:32
43. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») — +2:16:12
63. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») — +2:56:15
66. Пельо Бильбао (Испания, «Астана») — +3:01:22
83. Паоло Тиралонго (Италия, «Астана») — +3:28:53
160. Жандос Бижігітов (Қазақстан, «Астана») — +5:26:28.

Сондай-ақ

ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ

Қырғызстан мемлекетінің Ыстықкөл демалыс аймағы Бостери қаласында жасөспірімдер, жастар жəне ересектер арасындағы армрестлингтен XVI Азия …