Басты бет / Мақала / IV ТУРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ОЙЫН КҮНІНЕ ҚОРЫТЫНДЫ

IV ТУРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ОЙЫН КҮНІНЕ ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгін, футболдан Қазақстан премьер-лигасының IV тур аясында үш кездесу өтті. Шымкентте «Ордабасы» «Оқжетпесті» жеңсе, «Ертіс» өз алаңында «Ақтөбеге» есе жіберді. Ал, чемпионат көшбасшысы «Қайсар» «Қайратпен» тең ойнады.

«Ордабасы» — «Оқжетпес»  2:1 (0:1)
 Голдар: Федин 45+1 (0:1), Нөсербаев 57 (1:1), Йорданов 68 (2:1)
Ескертулер: Ковальчук 45+2, Нұрғалиев 57, Тұнғышбаев 83 — Марочкин 26, Дайыров 56, Чертов 85, Юрин 90+2.
«Ордабасы»: Бекбаев, Ерланов, Фонтанелло, Бочаров, Ковальчук, Рендулич, Жұмаханов (Йорданов 46), Диакате (Бейсенов 66), Нұрлағиев (к), Тұнғышбаев, Нөсербаев (Марцваладзе 80).
Қосалқы құрам: Нұрмұхаметов, Абдулин, Адырбеков, Әшірбеков, Қожабаев, Бөлешев.
«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Чертов, Генков, Еоне (Козлов 84), Политыло, Хорват, Федин (Юрин 60), Дайыров, Досмағамбетов (Нұрғалиев 77), Марочкин, Волков.
Қосалқы құрам: Голубничий, Сламбеков, Куксин, Кейлер, Шайыхов, Әбілғазы.
Төрешілер: Алиев (Алматы), Богданов (Семей), Попов (Өскемен).

  • Осыған дейін қос команда – 30 рет кездескен.
  • 10 ойында «Ордабасы», 11 кездесуде «Оқжетпес» жеңіске жетсе, тоғыз кездесу тең аяқталған.
  • 30 матчта «Ордабасы» — 35 гол, «Оқжетпес» — 37 доп соққан.

«Ертіс» — «Ақтөбе»  1:3 (0:0)
Голдар:
Фофана 55 (1:0), Барбоса 63 (1:1), Шестаков 72 (1:2), Зенькович 77 (1:3)

Ескертулер: Фонсека 82, Джедже 90+4 — Шурыгин 65
«Ертіс»: Лория (к), Живкович, Кислицын, Ткачук (Нганбе 76), Двали, Калинин, Родриго, Гетериев, Дарабаев (Шабалин 79), Фонсека, Фофана (Джедже 58).
Қосалқы құрам: Калмыков, Попов, Жұмасқалиев, Алиев, Есімов, Воротников.
«Ақтөбе»: Сидельников (к), Барбоса, Торрес (Витор 75), Воловик, Гуйе, Соуза Альмейда, Ермаченко (Зенькович 53), Аслан, Кайыров (Какимов 62), Шестаков, Шурыгин
Қосалқы құрам: Отарбаев, Абдукәрімов, Айтбаев, Байтана, Дәуітов, Розыбакиев.
Төрешілер: Қарлыбаев (Орал), Филоненко, Полуэктов (екеуі де — Тараз).

  • Осыған дейінгі кездесулер саны – 57.
  • «Ертіс» — 26 ойында, «Ақтөбе» — 21 кездесуде жеңіп, 10 рет тең тарқасқан.
  • Доп айырмасы – 85:71.

«Қайрат» –  «Қайсар»  1:1 (1:1)

Голдар:  Гоу 9 – Байжанов 35.

Ескертулер: Аршавин 23, Арзо 82 – Аржанов 56.

«Қайрат»: Плотников, Сүйімбаев, Маркович, Арзо, Қуантаев, Элек (Анене, 89), Куат, Исламхан (к), (Жуков, 46), Аршавин (Иличевич, 46), Исаэль, Гоу.

Қосалқы құрам: Покатилов, Вороговский, Ахметов, Бакаев, Тұрысбек, Балтабаев.

«Қайсар»: Исламкұлов, Аржанов, Граф, Камара, Курьор (Нтибазонкиза 71), Ламанж, Николич, Әмірсейтов, Байжанов (к), Евстигнеев, Нәрзілдаев (Коробкин 78).

Қосалқы құрам: Цирин, Алтаев, Горячий, Көкеев, Мулдаров, Чуреев, Сахалбаев.

●Екі ұжым өзара – 44 матч өткізген.

  • 22 ойында «Қайрат», 9 кездесуде «Қайсар» жеңген. 12 матчта тең тарқасқан.
  • 44 кездесудегі доп айырмасы – 59:31.
  • IV турдың алғашқы үш матчында тоғыз гол соғылды. Алаң иелері – 4 гол, қонақтар – 5 доп соққан.
  • Соғылған тоғыз голдың үшеуін Қазақстан футбол мектебінің түлектері (Федин, Нөсербаев, Байжанов), екі допты Қазақстан азаматтығын алған ойыншылар (Шестаков – Украина, Зенькович – Беларусь футболының түлегі), қалаған төрт голды легионерлер (Йорданов, Фонсека, Барбоса, Гоу) соққан.
  • «Ордабасы» — «Оқжетпес» ойынына – 4500, «Ертіс» — «Ақтөбе» кездесуіне – 2500 жанкүйер жиналған.

IV турдың алғашқы ойын күнінен кейінгі турнирлік кесте (өзгерістер орын алған 1-6 орындар):

КомандаОйынЖеңісТеңЖеңілісСоғылғанЖіберілгенДоп айыр/ғыҰпай
 1Ордабасы   4    3  1     0       7        2          +5  10
 2Қайсар   4    3  1     0       5        2          +3  10
 3Ертіс   4    2  1     1       5        5           0   7
 4Қайрат   4    1  3     0       4        3          +1   5
 5Тобыл   3    1  1     1       3        1          +2   4
 6Ақтөбе   4    1  1     2       3        3           0   4

Дереккөздер: statsport.kz, sports.kz.
Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

 

 

Сондай-ақ

ЕЛ ФУТБОЛЫНДА ОРЫН АЛҒАН СОҢҒЫ РЕКОРДТАР

«Ордабасы» шабуылшысы Таңат Нөсербаев «Оқжетпеске» қарсы матчта шыменттік команда сапындағы 15-ші голын соғып, клубтың премьер-лигада …