Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ЕЛ ФУТБОЛЫНДА ОРЫН АЛҒАН СОҢҒЫ РЕКОРДТАР

ЕЛ ФУТБОЛЫНДА ОРЫН АЛҒАН СОҢҒЫ РЕКОРДТАР

«Ордабасы» шабуылшысы Таңат Нөсербаев «Оқжетпеске» қарсы матчта шыменттік команда сапындағы 15-ші голын соғып, клубтың премьер-лигада ең көп гол соққан футболшылар тізімінде сегізінші орынға жайғасты.

«Ордабасы» клубының премьер-лигадағы 10 сұрмергені:

Дәуренбек Тәжімбетов – 32 гол
Александр Крохмаль – 24
Азат Нұрғалиев – 24
Эдин Юнузович – 21
Артём Касьянов – 21
Мурат Сүйімағамбетов – 19
Қайрат Әшірбеков – 18
Таңат Нөсербаев – 15
Дмитрий Галич – 14;
Александр Гейнрих – 13.

«Ертіс» кипері Давид Лория премьер-лигада ең көп кездесу өткізген қақпашылары тізімінде көш бастады. 35 жасар футболшы «Ақтөбеге» қарсы матчта мансабындағы – 339 кездесуіне қатысты.

Премьер-лигада ең көп кездесу өткізген қақпашылар:

Давид Лория – 339 матч

Олег Воскобойников – 338
Даниил Рихрад – 322
Сергей Бойченко – 292
Юрий Новиков – 291
Александр Мокин – 276.

 

Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

Сондай-ақ

ДЗЮДОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЕУРОПА КУБОГЫ ӨТТІ

  Ресейдің Тула қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы аяқталды. 16 елден 362 спортшы қатысқан турнирге …