Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ МЕН «ҚАЙРАТ» ФУТЗАЛШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ АЯҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ МЕН «ҚАЙРАТ» ФУТЗАЛШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ АЯҚТАЛДЫ

Алматының «Зенит» спорт комплексінде өткен Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» футзалшылары арасындағы ойын аяқталды. Кездесуде ұлттық құрама ойыншылары алматылықтардан  4:2 есебімен басым түсті.

Қазақстан құрамасы – «Қайрат»  4:2

Голдар: Дуглас (дубль), Першин, Сүлейменов – Пауло Кабреува, Ронкальо.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайрат» сәуір айында сынға түседі. Ұлттық құрама 8-11 сәуір аралығында Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін, «Қайрат» 28-30 сәуір күндері УЕФА кубогының төрттік финалында бақ сынайды.

 

Ильяс СӘРСЕНБАЙ.

Сондай-ақ

ДЗЮДОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЕУРОПА КУБОГЫ ӨТТІ

  Ресейдің Тула қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы аяқталды. 16 елден 362 спортшы қатысқан турнирге …