Басты бет / Без рубрики / ЖАС ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ЕУРОПАНЫҢ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ

ЖАС ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР ЕУРОПАНЫҢ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ

 

Литваның Электренай қаласында шорт-трек спортынан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды dodasport.kz сайты.

Қазақстандық шорт-трекшілер Еуропа бәсекесінде қарсылас шақ келтірмеді. Спортшылар 500, 1000 және 1500 метрлерде үздіктерді анықтады. Кейін жалпы есептегі жеңімпаз анықталды.

Қыздар арасында Тайшманова Әсел абсолютті чемпион атанды. Отандасымыз барлық қашықтықта да жеңіске жетті. Одан кейінгі екінші орында тағы бір отандасымыз Бақыткереева Қадиша. Қадиша барлық қашықтыта да Әселден кейін екінші орынды иеленді.

Ұлдар арасында Нұрлыбек Бейсеев жалпы есепте чемпион атанды. Екінші орында тағы бір жерлесіміз Ифченко Глеб.

Осылайша жас шорт-трекшілеріміз Еуропа чемпионатында тамаша жеңіске қол жеткізіп отыр.

 

Сондай-ақ

ГОЛОВКИННІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ 17-ШІ ШІЛДЕДЕ ӨТЕДІ

Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевтың айтуынша, Астанадағы Головкин-Сондерс жекпе-жегі шілде …