Басты бет / Басқа түрлер / АСТАНАДА БӘЙГЕДЕН «ЭКСПО-2017» КУБОГЫ ӨТЕДІ

АСТАНАДА БӘЙГЕДЕН «ЭКСПО-2017» КУБОГЫ ӨТЕДІ

Астанада ат бәйгесінен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жүлдесіне арналған тұңғыш рет «ЭКСПО-2017» Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бәйге 11-маусым күні Астанадағы «Қазанат» атшабарында өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл күні жанкүйер қауым бәйгенің бірнеше түрін тамашалайтын болады. Атап айтар болсақ, алдымен 25 шақырымдық қашықтықта аламан бәйгенің сәйгүліктері бақ сынайды. 2,4 және 1,8 шақырымда ұшқыр аттардың жарысы болады. Одан соң 15 шақырым қашықтыққа топ бәйгенің тұлпарлары сынға түспек. Құнан бәйгенің бәсекесі — 7 шақырым. Ең соңында тайпалған жүрісінен су төгілмес жорға жарыс тамашаланады. Жорға жарыстың қашықтығы — 7 шақырым.
Міне, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жүлдесіне арналған «ЭКСПО-2017» Кубогында талай жарыста маңдайы жарқыраған таңдаулы жүйріктер бәйгенің алты түрінен сынға түседі. Бәйге қызығын Елбасының өзі тамашалайды деп жоспарланған. Бұл айтулы жарыстарға бес шет мемлекет пен еліміздің барлық өңірлерінің сәйгүліктері қатысады деп күтілуде.
Сондай-ақ, кеше аталмыш бәйгенің билеттері сатылымға шыққаны белгілі болды.

inform.kz

Сондай-ақ

АНТОН ПИНЧУК ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Бүкіләлемдік бокс сериясының екі дүркін чемпионы бірінші жартылай финалда British Lionhearts клубымен Қостанай қаласында бақ …