Басты бет / Басқа түрлер / ЕЛДОС СМЕТОВ ПЕН ЗУЛЬФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА ПӘТЕР АЛДЫ

ЕЛДОС СМЕТОВ ПЕН ЗУЛЬФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА ПӘТЕР АЛДЫ

Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет Рио-де-Жанейродағы олимпиада ойынының жүлдегері Елдос Сметовке, Паралимпиада чемпионы атанған Зульфия Габидуллинаға пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Baq.kz.

 Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, еліміздің «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органы Олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етті. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен екі пәтер сатып алуға 19,8 млн теңге қаражат бөлінген.

«Спортшыларға осындай құрмет көрсеткені, қамқорлық жасағандары үшін өзімді бақытты санаймын! Бүгін керемет мереке. Балаларды қорғау күні — бізге ерекше сыйлық табыс етілді. Қызым үшін бұл үлкен сыйлық болатын болды» — деді Зульфия Ғабидуллина.

Айта кетейік, Зульфия Габидуллинаға 3 бөлмелі пәтер, Елдос Сметовке 2 бөлмелі пәтер берілді.

Ақпарат Көзі: Baq.kz

Сондай-ақ

ЖАС БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Филиппин елінің Пуэрто-Принсеса қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстандық боксшылар жеңіске жетті. 13 …