Басты бет / Басқа түрлер / «СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАРЫСТАР ӨТТІ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАРЫСТАР ӨТТІ

Балаларды қорғау күніне арналған «Спорт менің ауламда» жобасы аясында жарыстар өтті

Осы жылдың басында бастау алған «Спорт менің ауламда» жобасы балаларды қорғау күніне арнап футболдан жастар мен жасөспірімдер арасында аудандық жарыстар өткізді.

Күнделікті өз аулаларында тегін тәжіриебиелі бапкерлермен жаттығатын Алатау және Медеу аудандарының балалары Алатау ауданының ең ауқымды футбол алаңында бас қосты. Алты аула командалары Олимпиадалық жүйе бойынша өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесінде Алатау командасы шешуші кезеңде Алтайыр ұжымынан басым түсіп, жеңіске жетті. Ал Алғабастан келген футболшылар қоланы олжалады.

— Ойындар өте жақсы өтті. Барлық қарсыластар мықты. Жеңімпаз атанғанымызға аса қуаныштымыз. Барлық ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз! – деп әсерлерімен бөлісті «Алатау» ФК ойыншысы Ернур Әділxан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан грамоталар мен кубоктар табысталды. Келесі футболдан жарыстар ертең қалған Алматы аудандарында өткізілетін болады.

— «Спорт менің ауламда» ауқымды спорттық жобасы балалар арасында күннен күнге танылып келеді. Олар қуанышпен жаттығуға келеді, сүйікті спорт түрлерімен айналысып, ләззат алады. Балалардың басым көпшілігі футболмен қызығады, сондықтан бүгін жарыстар осы спорт түрінен өтті. Балалар демалысқа шыққалы бері, олардың саны өсіп келеді. Бұл әрине қуантарлық жайт, — деп атап өтті Алатау ауданының жаттықтырушысы Асан Егемберді.

Атап өтсек, «Спорт менің ауламда» жобасы осы жылдың басында Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен басталған. Бағдарламаның басты мақсаты балалар мен жасөспірімдерді спортқа қызықтыру. Ешқандай бір ақысыз Алматы қаласының бар алаңдарында 7-17 жас аралығындағы балалар тәжірибиелі бапкерлермен жаттығып, сүйікті спорт түрімен айналыса алады.

Сондай-ақ

ФУТБОЛДАН АУЛА КОМАНДАЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТЕДІ

Маусымның 7-8 күндері, «Спорттық Алматы» осымен жетінші рет аула командалары арасында футбол лигасын өткізбек. Екі …