Осы күнгі архивтер: 25.04.2017

АЛҒАШҚЫ АЛТЫН ҚОРЖЫНДА

Ауыр атлетикадан Түркіменстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль түсті. 69 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан қазақстандық Альберт Линдер Азия чемпионы атанды. Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 335 келіні еңсерді. Жұлқа көтеруде 148 келіні, серпе көтеруде 187 келіні бағындырды. Қоссайыста 335 ұпай жинап, отандасымыз Азия чемпионы …

толық оқу»

ЮЛИЯ ӨЗ ОРНЫН САҚТАП, ЗАРИНА ЖОҒАРЛАДЫ

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингі бүгін жаңарды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева өз орнын сақтап қалды. 31-ші орында. Ярослова Шведова да өзінің 51-ші орнынан сырғыған жоқ. Өткен аптада отандасымыз Зарина Дияс Қытайда өткен ITF санатындағы жарыстың ширек финалына шыққан болатын. Сол нәтижесінің арқасында Зарина 52 сатыға жоғарылады. Яғни, 239 -орыннан …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ПОЛЬШАНЫ ЖЕҢДІ

Хоккейден әлем чемпионаты бірінші дивизионында Қазақстан құрамасы бүгін үшінші матчын өткізді. Алғашқы ойында қазақстандық хоккейшілер Австрияны 3:2 есебімен жеңген болатын. Артынша сенсациялық түрде Оңтүстік Кореяға жол берді – 2:5. Ендігі қарсылас Польша құрамасы болған. Бұл командада да дәл осындай нәтиже еді. Екі ұжымда да 4 ұпайдан. Қазақстан құрамасы бесінші ұпайына …

толық оқу»

ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР АЗИЯ ГРАН-ПРИІНЕН 2 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

  24 сәуір күні Қытайдың Цзиньхуа қаласында жеңіл атлетикадан Азия құрлығының чемпионаты мәресіне жетті. Бұл бәсекеде Қазақстан атынан 16 спортшы қатысты. 12 әйел, 4 ер. Әйелдер құрамасы бәсекеде екі бірдей алтын медаль жеңіп алды. Виктория Зябкина 100 метрлік қашықтықта жүргіруде топ жарса, 4*100 эстафетада қыздарымызға тең келер ешкім болмады. 24 …

толық оқу»

ГОНКОНГТЕ ДЗЮДОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

  24-29 мамыр аралығында Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық бәсекесіне Қазақстан құрамасы мынадай құраммен шықпақ: Ерлер: Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) Ғұмар Қырғызбаев (66 кг) Азамат Мұқанов (66 кг) Елдос Жұмақанов (66 кг) Жансай Смағұлов (73 кг) Азиз Қалқаманұлы (81 кг) Дидар Хамза (81 кг) Ислам Бозбаев (90 …

толық оқу»

АЛМАТЫДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТЕДІ

Сәуірдің 27-і мен 28-і күндері Алматыда, «Нархоз» университетінің спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтеді. Айта кетер жайт, жарыс «Спорттық Алматы» жобасы аясында ұйымдастырылмақ, сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, ерекше жандарға тең мүмкіндіктер жолын жасауды көздейді. Қатысушылар спорттың 11 түрінен додаға түседі. Атап өтсек: жүзу, үстелдегі теннис, шахмат, жеңіл …

толық оқу»

«KAZAKHSTAN OPEN» G-1 ТУРНИРІНДЕ ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ

Атырау қаласында тұңғыш рет Олимпиадалық спорт түрінен рейтингтік турнир өтті. Таеквондодан дәстүрлі «Kazakhstan open» Халықаралық турнирі бүгінде G-1 рейтингін еншіледі. Яғни спортшылар жалпы есепте Олимпиадаға ұпайлар жинайтын болады. Биылғы  турнирге әлемнің 20 елінен 400-ден астам спортшы қатысты. Өз салмағында жеңіске жеткен таеквондошы әлемдік рейтингте 10 ұпайға қол жеткізді. Жалпы командалық …

толық оқу»

ҚАНАТ ИСЛАМНЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ БЕЛГІЛІ

  Кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген отандасымыз Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды. QAZAQ-тың бұл жолғы қарсыласы рейтинг бойынша өзінен жоғары тұрған Мексикалық Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez). Гонсалес бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз …

толық оқу»

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН КОМАНДАЛЫҚ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

18-23 сәуір аралығында Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер арасында командалық чемпионаты өтті. Оған еліміздің 8 облысынан тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасып, ұлттық ойынды ұлықтады. Нәтижесінде командалық есепте Батыс Қазақстан облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші  – Қызылорда, үшінші орындарды Павлодар облыстарының спортшылары иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, медаль, кубоктармен марапатталды. Ұлттық құрама …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ

Алматыда  дзюдодан халықаралық турнир аяқталды Бүгін дзюдодан Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың жүлдесіне арналған жастар арасында халықаралық турнир  өз мәресіне жетті. Халықаралық додаға  6 елден 500-ге  жуық спортшы қатысты. Жарыс  нәтижесі төмендегідей: 44 кг 1. Адия Сайын (Қызылорда) 2. Әсем Берік (ОҚО) 3. Балғын Абдешов (ШҚО) 3. Жадыра …

толық оқу»