Басты бет / Без рубрики / ҚАЙРАТ САРЫМСАҚОВТЫ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР КҮТІП АЛДЫ

ҚАЙРАТ САРЫМСАҚОВТЫ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР КҮТІП АЛДЫ

Қайрат Сарымсақовты маңғыстаулықтар әуежайдан күтіп алды.

Әлемдік деңгейде Қазақстанның абыройын асқақтатқан Қайрат Сарымсақовты маңғыстаулықтар осылай ерекше ықыласпен қарсы алды. Қазақтың ұлттық киімдерін киген қыздарымыз алдынан ақ тосып, құрмет көрсетті.

Оңтүстік Корея елі Муджу қаласында таеквондо WTF бойынша өткен Әлем чемпионатында Қайрат Сарымсақов қола жүлдені қанжығасына байлады. Әлемнің 170 елінен мыңдаған спортшы қатысқан чемпионатта суырылып алға шығу үлкен жеңіс! Қайраттың ұстаздары Қанағат Сүйебаев, Ғани Ибраимов шәкірттерінің мұндай жеңісіне әрине қуануда.

Қайрат Сарымсақов — Ш.Бөлтекұлы атындағы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі. Мектеп басшысы Марат Бейсенбаев Қайратты құттықтап, алдағы уақытта да табыстар тіледі. Әуежайға келген Қайраттың достары мен жолдастары да қуана ерекше ықыласпен қарсы алды. «Таеквондо мектебінің кішкентай шәкірттері Қайраттай мықты ағаларын үлгі тұтады» — деді Қанағат Сүйебаев. Әрине Қайрат — мықты! Жарайсың, Қайрат! Медалің құтты болсын! Азамат!

 

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …